Қазақстан, Алматы қ., Республика алаңы, 4

2018 жылғы 28 наурыз күні «Заманауи мектептердегі медиатехнология» тақырыбында Халықаралық семинар өтті

           2018 жылғы 28 наурыз күні сағат 10.00-да Алматы қаласының Оқушылар сарайы ғимаратында Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы халықаралық ынтымақтастық пен білім берудегі өзара тәжірибе алмасуға арналған «Заманауи мектептердегі медиатехнология» тақырыбында Халықаралық семинар өтті.

Семинарға Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Ходжабергенова Гүлнар Махақызы және Ресей Федерациясының Алматы қаласындағы Бас консулдығының консулы, Қазақстан Республикасындағы Ресей ынтымақтастығы федералдық агенттік басшысының орынбасары Переверзева Ирина Владимировна қатысып, өз құттықтауларын жеткізді.

        Семинар барысында медиация қызметінің білім беру процесімен интеграциялануы, білім беру ұйымдарында кикілжіндерді болдырмау жолдары, білім беру саласында педагогтардың құзыреттілігін жоғарылату тәуекелдерін еңсерудің кешенді моделін енгізу, медиатехнологиялар негізінде білім алушыларды бейімдеу және әлеуметтендіру мәселелері талқыланды.

         Үш күн бойы (2018 жылдың 28-30 наурыз аралығында) семинарға қатысушылар мен қонақтарға арнайы көрмелер және экскурсиялар ұйымдастырылды. Мәскеу облысы Балашиха қаласындағы №11 Гимназияның директоры Панченко Марина Сергеевна, директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары Никитина Светлана Алексеевна, директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Телешева Дарья Андреевна Алматы қаласының №17 жалпы білім беретін мектебі мен №27, №132 гимназияларының ата-аналары мен мұғалімдеріне тренингтер мен шеберлік сабақтарын өткізді.

       Халықаралық семинардың қорытындысы негізінде Алматы қаласының №17 жалпы білім беретін мектебі және №27, №132 гимназияларымен Мәскеу облысы Балашиха қаласының №11 гимназиясының арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

         Семинарға Алматы қалалық Білім басқармасының қызметкерлері, аудандық білім бөлімдерінің басшылары, мемлекеттік және мемлекеттік емес орта білім беру ұйымдарының басшылары, жоғары оқу орындарының мамандары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының ұстаздары, Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының әдіскерлері және ата-аналар ұйымдарының өкілдері қатысты.

         Семинардың барлық қатысушыларына халықаралық үлгідегі сертификат ұсынылды.

 

 

 

Қазақстан Республикасының Президенттің ресми сайты

Президенттің ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Гимні

Получить кредит нaличными без зaлогa Buy tramadol online
Buy xanax online