Қазақстан, Алматы қ., Республика алаңы, 4

Алматы қаласында алғаш рет мұғалімдер корпусының Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының халықаралық TALIS-2018 зерттеуі басталды

            2018 жылдың 26 ақпан мен 31 наурыз аралығында Алматы қаласында алғашқы рет Халықаралық сабақ беру мен оқыту зерттеуі (TALIS) өтеді. Зерттеуге қала бойынша 41 мектептер халықаралық іріктеуден өтті. Зерттеуге әр мектептен бір директор және 20 шақты кездейсоқ іріктелген ұстаз қатысады. Мектептердің репрезентативті іріктелуі Халықаралық зерттеу консорциумымен анықталды. 41 мектептің директорлары мен оның мұғалімдерінің сауалнамаға берген жауаптары барлық мемлекеттік педагогтардың дауысын білдіретін болады.

TALIS- 2008 жылдан бастап, әр 5 жыл сайын өтетін әлемдегі мұғалімдер корпусының ең үлкен халықаралық зерттеуі болып табылады. Зерттеу мұғалімдердің қызметіне, инновациялылығына, еңбек жағдайына, әлеуметтік статусына сырттан салыстырмалы баға береді. Сондай-ақ, зерттеу барысында мектептегі көшбасшылыққа және ахуалға талдау жүргізіледі. TALIS қиындықтарды анықтап, 48 мемлекеттің ұстаздар корпусын жақсарту бойынша ұсыныстар жасайды. Жобаны Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы үйлестіреді.

Зерттеу мектеп мұғалімдері мен директорлардың дауысын ұлттық және халықаралық деңгейде естілуіне мүмкіндік береді. TALIS зерттеуінің нәтижелеріне қарай, қатысушы елдер оқытуға тиімді жағдай туғызу мақсатында өз білім саясатын қайта қарастырып, дамудың жаңа басым бағыттарын анықтайды.

Мысалы, TALIS-2013 зерттеуінің нәтижесінде Шанхайдағы мұғалімдердің жалақысы 10% көтерілді. Аустралияда жоғары оқу орындарында жаңа педагогикалық дайындық бағдарламалары ашылып, кәсіби стандарттар жаңартылды. Италияда «Жақсы мектеп» бағдарламасының аясында мұғалімдердің біліктілігін арттыруға қосымша ақша бөлінеді және әр мұғалімнің нәтижелігіне қарай төленетін жалақы беріледі. Англияда тексерістен «жақсы» бағаға өткен мектептерде үш жылда бір күн өтетін «қысқа мерзімді тексерістер» енгізілді.

TALIS-2018 зерттеуінің нәтижелері 2019 жылдың маусым айында жарияланады. Қазақстандық мұғалімдер, директорлар жайлы және де олардың еңбек жағдайлары туралы алғашқы рет объективті әрі басқа елдермен салыстырмалы деректер алынатын болады.

Президенттің халыққа жолдауы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 

Мемлекеттік рәміздері

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері

Президенттің ресми сайты

Президенттің ресми сайты

Получить кредит нaличными без зaлогa Buy tramadol online
Buy xanax online