Қазақстан, Алматы қ., Республика алаңы, 4

Алматы қаласы орта білім беру ұйымдарының арасында «Наурыз-рухани жаңғырудың бастауы» тақырыбы аясында көркемсөз сайысы өткізілді

 Алматы қаласы Білім басқармасының бастамасымен тұңғыш рет Алматы қаласының мектеп оқушылары арасында «Наурыз – рухани жаңғырудың бастауы» атты көркемсөз сайысы Шона Смаханұлы атындағы №62 гимназия базасында өтті. Бұл сайыстың мақсаты - ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрлердің маңызын, Наурыз мерекесінің тіршілік пен татулықтың, толеранттылықтың бастауы екенін дәріптеу, жас ұрпақты ана тіліміздің тұнығы мен тереңінен сусындату, дарыны мен шығармашылығын ұштау, қолдау көрсету.

       Наурыз мерекесіне арналған қалалық көркем сөз сайысы өте жоғары деңгейде өтті. Гимназия директоры А.Б. Бижанов сайысқа қатысушыларды мерекемен құттықтап, сәттілік тіледі. Келген қонақтар мен қатысушыларды гиназия оқушыларынан құрылған «Мұрагер» оркестрі тамаша күйлерімен қарсы алып, ерекше көңіл- күй сыйлады. Сайыстың беташарын гимназия оқушыларынан құралған «Нарқыз» би ансамблі ашты.

     Сайысқа Алматы қаласының 200 мектебінің 100 мектебінен сұраныс түсіп, жалпы саны 130 оқушы сайысқа қатысты. Қатысушылар екі номинация бойынша сынға түсті. «Қош келдің, әз Наурыз» номинациясы бойынша 3-7 сынып оқушылары Наурыз мерекесіне арналған өлеңдерді жатқа оқыса, «Жыр жазамын жүректен» номинациясына 8-10 сынып оқушылары жүрек түкпірінен шыққан авторлық өлеңдерін оқыды. Сайысқа қатысқан оқушылардың барлығына сертификат берілді. 24 оқушы Білім басқармасының Дипломымен марапатталды. «Отбасы қоғамдық қоры» демеушілік жасап, 24 оқушыға кітап берді. Сулейман Демирель университеті барлық қатысушы оқушыларға арнайы сыйлық ұсынды. Сайыс туралы «Алматы» телеарнасы арнайы репортаж жасады. Сайыстың өткізілгені туралы «Алматы ақшамы» мен «Вечерний Алматы» газеттерінде жарық көрді.

 

Қазақстан Республикасының Президенттің ресми сайты

Президенттің ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Гимні

Получить кредит нaличными без зaлогa Buy tramadol online
Buy xanax online