Қазақстан, Алматы қ., Республика алаңы, 4

2018 жылдың 28 ақпан күні 15 гимназия шаңырағында Елбасымыздың "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламасы мен 1-ші наурыз "Алғыс күні" аясында іс-шара өтті

 2018 жылдың 28 ақпан күні 15 гимназия шаңырағында оқушы, ата-ана, ұстаз үштігінен құрылған үлкен іс-шара өтті. Көрерменнің көңілінен шыққан шара Елбасымыздың "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламасы мен 1-Наурыз Алғыс күні аясында өткізілді. Концерт шымылдығы Құрманғазының "Ата толғауы" күйімен ашылды. Ел тарихынан көріністер көрсетіліп, əсем əндер шырқалды. "Түріміз басқа болғанымен, тілегіміз бір" деп ұрандаған оқушыларымыз əр ұлттың ұлттық киімін киіп, сахна төрінде əдемі биден шашу шашты. Күні кеше ғана Балдаурен Республикалық оқыту-сауықтыру орталығында өткен II Республикалық "Жас патриоттар" форумына гимназиямыздың 2 оқушысы қатысып, «Жас патриот» төсбелгісімен марапатталды. Осы екі оқушымыз да аталған іс-шараға белсене қатысты. Атап айтсақ, 10 «А» сынып оқушысы Нургалиева Дана «Ізін көрем» сахналанған би композициялық көрінісінде өнер көрсетсе, 9 «Б» сынып оқушысы Литош Данил "Мен патриотпын" тақырыбында 3 тілде монолог оқып, көрермен қошеметіне бөленді. Концерт соңы бастауыш сынып оқушыларынан құралған "Тенгри" би тобының заманауи бағытта қойылған "№15 Гимназия - Махаббатым" биімен аяқталды. Концерт соңында сөз алған "15Гимназия" КММ директоры Б.Р.Оспанбек концерт ұйымдастырушыларына, қатысушыларға алғыс айтты. Сонымен қатар Алмалы ауданы ББ әдіскері Нұрбаева А.Ж барша №15 Гимназия ұжымына алғысын білдіріп, өткізілген шығармашылық іс-шараға жоғарғы баға берді.

 

 

 

 

Президенттің халыққа жолдауы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 

Мемлекеттік рәміздері

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері

Президенттің ресми сайты

Президенттің ресми сайты

Получить кредит нaличными без зaлогa Buy tramadol online
Buy xanax online