Қазақстан, Алматы қ., Республика алаңы, 4

Мектеп және отбасы ынтымақтастығының мәселелері талқыланды

Алматы қаласының Білім басқармасы қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығымен бірлесіп 2018 жылдың 27 ақпанында Алматы қаласының ресурстық орталығында «Бала тәрбиесіндегі  отбасы мен мектептің ынтымақтастығы» тақырыбында онлайн тәртібінде жалпықалалық ата-аналар жиналысын  өткізді.

 

Жиналыстың жұмысына Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Г.М. Ходжабергенова, қалалық әдістемелік кабинетінің әдіскерлері, қалалық ата-аналар комитетінің, «Орталық Азия мен Қазақстан отбасыларының институты» қоғамдық ұйымының өкілдері, сонымен қатар интерактивті қосылу арқылы қаланың 200-ден астам жалпы білім беретін ұйымдары қатысты.

         

          Жиналыста алғы сөзді Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Г.М. Ходжабергенова алып, «Отбасы-мектеп» құрылымның қарым-қатынасын тұрақты жетілдіру қажеттілігіне ерекше назар аударды және іс-шара қатысушыларына қаланың әр мектебінде ағымдағы жылдың 1 наурызынан бастап «Ата-аналар  қонақжайы» атты ата-аналармен жұмыс жасаудың жаңа форматының бастау алатыны туралы ақпарат жеткізді.   

         «Орталық Азия мен Қазақстан отбасыларының институты» қоғамдық ұйымының директоры А.А.Базарбаева институт қызметіне қысқаша шолу жасап, Қазақстандағы  отбасы мен бала мәртебесін арттыру аспектісін  жұртшылық назарына ұсынды.

         Іс-шара барысында қалалық әдістемелік кабинетінің әдіскер-психолог Э.М. Алиева, қалалық ата-аналар комитетінің төрайымы  Г.Т. Есенгельдиева сөз сөйледі.

       Жиналыс нәтижесінде мектеп пен отбасының қарым-қатынасын одан әрі нығайту, баланың жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал ететін процестердің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар қабылданды.

Қазақстан Республикасының Президенттің ресми сайты

Президенттің ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Гимні

Получить кредит нaличными без зaлогa Buy tramadol online
Buy xanax online