Қазақстан, Алматы қ., Республика алаңы, 4

17.02.2018 жылы Алмалы ауданы «№15 гимназия» КММ-де Н.В.Гогольдің «Ревизор» комедиясы негізінде заманауи түсіндіруде (мюзикл элементтерімен) спектакль қойылымының алғашқы көрсетілімі болды

         Гимназияда екінші жыл театр байқауы арқылы оқушылардың функционалдық дағдыларын қалыптастыру жұмысы жүргізілуде. Мақсаты - жұмыста театр арқылы тәрбие жұмысы мен оқу-әдістемелік жұмысты қатар қолдану. Театр үш тілде жүргізіледі: қазақ, орыс және ағылшын тілінде. Оқу-тәрбие және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың бағыттарын театр өнері арқылы біріктіру жаңашыл идеясы гимназия директоры Оспанбек Бұлбұл Расбекқызына тиесілі. Ол театр арқылы гимназия жұмысының барлық бағыттарын тұтастықта көрсетуді ұсынды.

         Желтоқсан айында қазақ театрының алғашқы көрсетілімі болды, ал сәуір айында ағылшын театрының қойылымы көрсетілмек.

        17 ақпанда Орыс театрының қойылымы болды. Қоюшы-режиссерлер: З.В. Кургушова- «№15 гимназия» мектеп театрының жетекшісі, Е.А. Абишев— Қазақстан Республикасының еңбексіңірген қайраткері, О.А. Лункина — сценарий жасауда (11сцен-35-40мин) «Мурагер» продюсерлік орталығының шығармашылық директоры, Санкт-Петербургтік «Смайл» орталығының қоюшы-режиссерінің еңбегі зор. Музыкалық әрлеу: директордың ТЖжөніндегі орынбасарлары - Рахметова Е.К., Анухин В.А. , оқу-әдістемелік көмек көрсеткен – директордың ОІЖ орынбасары Калиева М.Н., ҒӘЖ Мырзаханова Г.Ж. Ұйымдастырушылық жұмыстарды қоғамдық және гуманитарлық пәндер ӘК мен технология пәні мұғалімдері Оспанова Г.Ж., Акимбекова К.А., ИЗО Мажиева Д.А. атқарды.

       «Ревизор» қойылымының жұмысы 2017жылдың қыркүйек айынан басталды: талқылау болды, қойылымға әдеби туынды таңдау, мәтінді таңдау, 30 минутқа шақталған 11 сценарий қойылымын ( академиялық театрда комедия 2,5 сағат көрсетіледі), актерлік шеберлік бойынша шеберлік-сағаттары, рөлге кастинг өткізу, оқушылармен «Ревизор» қойылымын оқушылармен бірге көру. Негізінен 8-9 сынып оқушылары алынды.

       Математиктер жобалардың және материал щығынының есебін шығарды, ал суретшілер үздік сәнгер, үздік костюмдер нобайы байқауын ұйымдастырды. Технологтар үздік киім пішуші , үздік тігінше байқауларын ұйымдастырды. Сахна киімдерін оқушылар өздері тікті, ұл балалар цилиндрлер дайындауға үлес қосты. Бұл жерде 7-10-сынып оқушылары белсенділік танытты.

Көрермендер оқушылардың ойыны мен актерлік шеберліктеріне , жаңа режиссерлік табыстарына, ерекше әзілдеріне, мюзикл элементтері қосылған сәтті музыкалық әрлеуге таңданысты. Әр қойылым асқан шеберлікпен көрсетілді. Бұл – үлкен табыс!

       Ең маңыздысы комедияның тілі , жазушының стилі сақталып, оқушылардың шығармашылық мүмкіндігін және гимназияның сүйіспеншілік , өзара түсіністік, шығармашылық пен табыс аймағы ашылды.

       Спектакль қойылымы бұл - оқушылар мен ұстаздардың, ата-аналардың , Алматы қаласы мен Санкт-Петербург қаласы театр қайраткерлерінің қолдауымен бірлесе еңбектенуінің жемісі.

 

Қазақстан Республикасының Президенттің ресми сайты

Президенттің ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Гимні

Получить кредит нaличными без зaлогa Buy tramadol online
Buy xanax online