Қазақстан, Алматы қ., Республика алаңы, 4

Алматы қаласында 2018 жылғы 13-16 ақпан аралығында республикалық ғылыми жобалар конкурсының қорытынды кезеңі өтті

Алматы қаласында 2018 жылғы 13-16 ақпан аралығында өткізілген республикалық ғылыми жобалар конкурсының қорытынды кезеңіне Қазақстанның барлық өңірлерінен 747 оқушы қатысты. Алматы қаласынан қалалық кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері – 45 оқушы 36 жобамен өтті.

 

Ғылыми жобалар конкурсы 4 бағыт бойынша жүргізілді:

 

- «Ғылыми-техникалық прогресс – экономикалық өсудің негізгі буыны»(секциялар: физика, техника, Жер және Космос туралы ғылымдар);

- «Экономикалық және әлеуметтік процестерді математикалық модельдеу»(секциялар: математика, қолданбалы математика, экономика, информатика);

- «Таза табиғи орта – Қазақстан - 2050 стратегиясын іске асырудың негізі» (секциялар: биология, химия, қоршаған ортамен адам денсаулығын қорғау);

- «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат бағдарлары»(секциялар: тарих, өлкетану, этномәдениеттану, әдебиет, тіл білімі, құқықтану).

 

Конкурс қорытындысы бойынша Алматы қаласының құрама командасы4 алтын, 9 күміс, 23 қола медальдарын иеленіп, І орынға ие болды және «Ең үздік команда-2018» сертификатымен марапатталды.

 

 «Дарын» РҒПО-ның 20-жылдығына орай  9 оқушы грамотамен марапатталды. Жеңімпаздардың толық тізімін сілтеме бойынша ала аласыз.

 

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, ата-аналар мен мұғалімдерді лайықты жеңістерімен құттықтаймыз!Келешекте сәттіліктер мен жеңістер тілейміз! 

 

Президенттің халыққа жолдауы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 

Мемлекеттік рәміздері

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері

Президенттің ресми сайты

Президенттің ресми сайты

Получить кредит нaличными без зaлогa Buy tramadol online
Buy xanax online