Қазақстан, Алматы қ., Республика алаңы, 4

2018 жылғы 14 ақпанда №134 лицейде Сталинград шайқасының 75 жылдығына және Ауған жерінен Кеңес әскерін шығару күніне арналған «Ұлы ерлік мәңгілік сабақ» атты салтанатты концерт өткізілді

 

2018 жылғы 14 ақпанда №134 лицейде Сталинград шайқасының 75 жылдығына және Ауған жерінен Кеңес әскерін шығару күніне арналған «Ұлы ерлік мәңгілік сабақ» атты салтанатты концерт өткізілді. Концерттік бағдарлама соғыс туралы әдеби-музыкалық композиция түрінде өткізілді. Аталған іс-шараға қонақтар шақырылды:

 

Переверзева Ирина Владимировна, Алматы қаласындағы Ресей Федерациясының бас елшісі.

 

Раджибаев Марис Юнусович, отставкадағы полковник, үшінші деңгейдегі «Қызыл жұлдыз», «КСРО Қарулы күштерінде Отанға қызмет еткені үшін» ордендерінің иегері.

 

Бекжанов Кабдолда, отставкадағы полковник, Илья Григорьевич Старинов орденінің иегері. 1979–1981 жылдары Ауғанстанда үш рет арнайы тапсырманы орындаған.

Шиян Виктор Федорович, отставкадағы полковник, Ауған соғысының ардагері, «Қызыл жұлдыз», Илья Григорьевич Старинов «Ауғанда қызмет еткені үшін» ордендерінің иегері, «Интернационалист соғысы», «Біздің атақ үшін», «Жауынгерлік қызметтер үшін» медальдарымен марапатталған.

 

Семенов Александр Тимофеевич, отставкадағы капитан, Ауған соғысының ардагері, «КСРО Қарулы күштерінде Отанға қызмет еткені үшін», «КСРО мемлекеттік шекарасын үздік қорғағаны үшін» медальдарымен марапатталған.

 

Гарифуллин Талгат Тулепкалиевич, отставкадағы капитан, Ауған соғысының ардагері, «Отанға және Отан үшін қызмет көрсеткені үшін» ордені иегері, медаль «КСРО батылдық үшін» медалімен марапатталған.

 

Аутов Ильяс, «Мотор-роллер» тобының негізін салушы және қайталанбас көшбасшысы.

 

Брусиловская Елена Федоровна, «Егемен Қазақстан» газетінің шолушысы, Қазақстан журналистері Одағының лауреаты.

 

Мананникова Людмила Борисовна, Жас өспірімдер театрының әдеби бөлімінің меңгерушісі, журналист, прозаик.

 

Бобрик Ольга Борисовна, Натали Сац атындағы жасөспірімдер театрының әртісі.

 

Өтізілген іс-шара салтанатты түрде болды. Жоғары сынып оқушылары қонақтарды мектептің кіреберісінде күтіп алып мәжіліс залына шығарып салып отырды. Кеш басталғанша «Смуглянка», «Землянка», «Темная ночь»…- деген сияқты әскери әндер ойнатылып тұрды.  

Одан әрі оқушылар жантүршіктіріп әскери өлеңдер оқыды. Бұл кезде экраннан әскери хроника көрсетілді. Залдағы көрермендер ішінен немқұрайлылық танытқандар болмады.

«Верните память» деген өлең ойнатылған уақытта өте әсерлі болды. Сахнада тұрған оқушылар шамдарын қосқан кезде, залда отырған көрермендерде қоштады.

Залдағы отырған қонақтарымыз, оқушылардың шын жүректен оқыған өлеңдерін өз көңілдерінен шыққанын айтып өтті. Бағдарлама мазмұны бойынша өте көп жақсы сөздер айтылды. Ресей және Қазақстан ақындарының өлеңдері оқылды.

«Егемен Қазақстан» газетінің шолушысы Елена Брусиловская, соғыс ардагерінің қызы мектепке үш томдық «Пламя Победы» кітабын сыйлыққа тартты. Бұл еңбектің рухтандырушысы және ұйымдастырушысы Леонид Юзефович Гирш – атақты соғыс ардагері, Қазақстан Ассамблеясының мүшесі, Алматы облысының құрметті азаматы, ҚР ТЖМ азаматтық қорғаныс органының ардагері, отставкадағы полковник. Леонид Юзефович Гирш Қарулы Күшке өмірінің 43 жылын берді.

"Огненный Сталинград" кітабының авторы Л.Ю.Гирш, Сталинград шайқасына қатысқан, бес әскери ордендермен марапатталған. Бейбітшілік кезінде еңбегі үшін За труд Леонид Гирш екінші деңгейлі "Достық" орденін иеленді.  Леонид Юзефович «Сквозь пламя войны» атты деректі-биографиялық кітап жазды.

Өкінішке орай, Леонид Юзефович Гирш осы жолы қатты сырқаттанып жастардың ардагерлермен кездесуіне келе алмады.

Концерттік бағдарламадан кейін, залдағы көрермендер және оқушылар Н.Сац атындағы жасөспірімдер театрының әртісі Ольга Бобрикті үңіле тыңдады. Ол осыдан үш жыл бұрын өмірден кеткен Леонид Скалковский мен Леонид Юзефович Гирштің өлеңдерін оқыды.

Алматы қаласындағы Ресей Федерациясының бас елшісі Ирина Переверзева өзінің есінде қалған балалық шағындағы ойларымен бөлісті.

Бағдарламаны «Мотор-роллер» тобының көшбасшысы Ильяс Аутов өзінің Ұлы Отан соғысы, Ауған соғысы және бүгінгі күнгі біздер буралы әндерімен аяқтады. Оның әндерін көрермендер шын ықыласпен қошеметтеді. Ол туған жер туралы керемет сөздер айтты, яғни өзіміздің Туған жерімізге туған анамызға қарағандай қарауымыз керек деп айтып өтті.  

«Кейбір кезде Кеңес халқының Ұлы Отан соғысындағы жеңісіне сенімсіздік тудырады - деді ол. – Бұған сенбеңіздер! Сіздер – бүгінгі оқушылар, біздің болашағымызсыздар. Біздің елімізді ешкімге бермеңіздер. Өтірікке ермеңіздер! Әрдайым 9 мамыр жеңіс күнін күтіңіздер!».

Мұндай іс-шаралар әрбір қатысушыға және көрермендерге өздерінің тарихқа қатысы бар екенін сезіндіреді.

 

 134-2

134-3 134-4                          

 

Президенттің халыққа жолдауы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 

Мемлекеттік рәміздері

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері

Президенттің ресми сайты

Президенттің ресми сайты

Получить кредит нaличными без зaлогa Buy tramadol online
Buy xanax online