Қазақстан, Алматы қ., Республика алаңы, 4

Алматы қаласы Наурызбай ауданы №176 мектеп-гимназиясында 2017 жылдың 12 желтоқсан күні Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жазушы-драматург Дулат Исабековпен кездесу өткізілді

 

Алматы қаласы Наурызбай ауданы №176 мектеп-гимназиясында 2017 жылдың 12 желтоқсан күні Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, патриоттық тәрбиені күшейту мақсатында «Әдебиет әлеміндегі тұғырлы тұлға» тақырыбында жазушы-драматург Дулат Исабековпен кездесу өткізілді. Кешке Наурызбай аудандық білім бөлімінің әдіскері Ляззат Диханбаева, қаламыздың басқа аудандарындағы мектептердің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты. Сыйлы қонағымыздың өмірі мен шығармашылығы жайлы шағын бейнероликпен басталған кеш оқушылардың өлеңдерімен, қойылыммен, Дулат ағаның шығармаларынан үзінді оқумен, сондай-ақ қонағымызбен сырлы сұхбат жүргізумен жалғасын тапты. Әсем ән мен күй, мың бұралған бишілердің биінен бөлек, ерекше есте қалғаны Д.Исабековтың «Мұңлық-Зарлық» аңызына қойылған шағын қойылым болды. Жоғары сынып оқушылары аңыздағы өз рөлдерін жоғары деңгейде сомдап, кездесуге келген әрбір қонақа ерекше сезім сыйлай білді. Бұл туралы төрімізден орын алған Д.Исабеков ағамыздың өзі «Көп мектептер, коледждер «Әпке» пьессасын ғана қояды, «Мұңлық - Зарлық» аңызы – өте сұлу аңыз, сол кездегі маңызды тақырыпты қамтыған астарлы аңыз. Бұл аңыздың қойылымын қою кез келгеннің қолынан келе бермейді. Оқушылар кәсіби деңгейде орындады. Өте риза болдым, көзіме жас келді. Менің өмірімді, не айтқым келгенін көз алдыма елестеткізе алды. Осындай ұрпақ тәрбиелеп отырған мектеп ұжымына мың алғыс» - деп үлкен ризашылығын білдірді. Кеш соңында қонағымызға мектеп әкімшілігі алғысын айтып, бағалы сыйлық тарту етіп, оқушылармен естелік суретке түсті.

 

Қазақстан Республикасының Президенттің ресми сайты

Президенттің ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Гимні

Получить кредит нaличными без зaлогa Buy tramadol online
Buy xanax online