Қазақстан, Алматы қ., Республика алаңы, 4

«Алматы қаласындағы білім беру ұйымдарының үздік педагогикалық ұжымына» сыйақы беру атты байқауын өткізу туралы ақпарат

 

Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдары, «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы  31 желтоқсандағы №1193 қаулысы, «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстеме ақы белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2001 жылғы  29 тамыздағы №1127 қаулысы негізінде оқу-тәрбие үдерісінде үздік нәтижелер көрсеткен, инновациялық ақпараттық-коммуникациялық, педагогикалық технологияларды пайдаланған, білім беру сапасы және жоғары нәтижелерге қол жеткізген педагогикалық ұжымдарды ынталандыру  мақсатында Білім басқармасы «Алматы қаласындағы білім беру ұйымдарының үздік педагогикалық ұжымы»  аттыбайқауын ұйымдастырады.
Байқаудың аудандық кезеңі 2018 жылдың 10-25 мамыр аралығында өтеді.
Қалалық кезең 2018 жылдың 28 мамырдан 25 маусым аралығында өтеді,   аудандардан 16 (он алты)  білім беру ұйымы ұсынылады.

«Алматы қаласындағы білім беру ұйымдарының үздік педагогикалық ұжымына» сыйақы беру бойынша ережесі

  • Жалпы қағидасы

  Алматы қаласындағы білім беру ұйымдарының үздік педагогикалық ұжымын көтермелеу ережесі Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдары, «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы  31 желтоқсандағы №1193 қаулысы, «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстеме ақы белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2001 жылғы  29 тамыздағы №1127 қаулысы негізінде жасалды.

 

  • Сыйақы беру шарты 

Оқу-тәрбие үдерісінде үздік нәтижелер көрсеткен, инновациялық ақпараттық-коммуникациялық, педагогикалық технологияларды пайдаланған, білім беру сапасы және жоғары нәтижелерге қол жеткізген педагогикалық ұжымдарға көтермелеу белгіленеді.
Үздік педагогикалық ұжым қосымшада  көрсетілген  өлшемдерге сәйкес болған жағдайда сыйақы беру белгіленеді (Қосымша).
Сыйақы тағайындау барысында  ағымдағы оқу жылының көрсеткіштері есепке алынады.
Сыйақы тағайындау үздік педагог ұжымдарында келесі нәтиже бойынша жүзеге асырылады:
1. Бас жүлде – 1 педагогикалық ұжым (165-180 балл);
2. І орын – 2 педагогикалық ұжым (155-164 балл);
3. ІІ орын – 3 педагогикалық ұжым (145-154 балл);
4. ІІІ орын – 4 педагогикалық ұжым (135-144 балл).

  • Жалпы білім беру ұйымдарындағы үздік ұжымға сыйақы беруді қарастыру тәртібі 

Конкурсқа қатысуға мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – білім беру ұйымдары) барлық түрлеріне рұқсат беріледі.
Жеңімпаз болған білім беру ұйымы үш жылға дейін конкурсқа қатыса алмайды.
«Алматы қаласындағы  жалпы білім беру ұйымдарының үздік педагогикалық  ұжымы» байқауына қатысу үшін білім беру ұйымының басшысы аудандық білім бөлімі басшысына ұсыныс хат жолдайды.
Түскен құжат екі кезеңде қарастырылады.
І кезеңді аудандық комиссия өткізеді (жыл сайын мамыр айында).
Аудандық комиссия құрамы аудандық білім бөлімі басшысымен бекітіледі (комиссия құрамына білім беру ісінің ардагері, аудандық әкім аппараты қызметкері,  мұғалімдердің  аудандық кәсіподақ комитеті, үкіметтік емес ұйымдар және жоғары оқу орындарының өкілдері).
Аудандық  комиссия төрағасы  аудандық  білім бөлімі басшысы болады.
Ағымдағы оқу жылының нәтижесі бойынша аудандық комиссия қорытынды шығарып, ақпаратты Басқарма сайтына орналыстырады.
Аудандық комиссия төрағасы  бекітілген талаптарға сәйкес қарастыруға  ұсынылған  құжаттар нәтижесі туралы комиссия  шешімін  Білім басқармасына жібереді.
ІІ кезеңді  қалалық комиссия өткізеді (жыл сайын маусым айында).
Білім басқармасының комиссиясы аудандық комиссиямен ұсынылған материалдарды қарастырады және жалпы білім беру ұйымдарының үздік педагогикалық  он ұжымына  сыйақы   тағайындау туралы шешім қабылдайды. Материал мазмұны келесі құжаттарды құрайды:
1) аудандық білім бөлімдерінің кепілдемесі;
2) аудандық білім бөлімдерінің отырысының хаттамасы
3) көрсетілген өлшемдер бойынша жасалған портфолио, растайтын құжаттар  көшірмесін қоса беру
Үміткер ұжымды сыйақы туралы соңғы шешім комиссия мүшелерінің дауыс беру нәтижесімен қабылданады.
Комиссия отырысы хаттамамен рәсімделеді, оған комиссия мүшелерінің барлығы қолдарын қояды.

  • Комиссия құрамы 

Төрағасы -  Алматы қаласы әкімінің орынбасары.
Төрағаның орынбасары - Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы
Хатшысы – Қалалық әдістемелік кабинетінің басшысы
Комиссия мүшелері:

  • орта білім беру бөлімі мәселесіне басшылық ететін Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары;
  • қаржылық бөлімі мәселесіне басшылық ететін Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары;
  • орта білім беру бөлімінің басшысы;
  • білім беру ісінің ардагері;
  • қоғамдық ұйымның өкілі
  • Жалпы білім беру ұйымдарындағы үздік ұжымды сыйақы беру тәртібін белгілеу 

«Жалпы білім беру ұйымдарындағы үздік ұжымға» көтермелеуді белгілеу қалалық комиссия отырысының шешімі негізінде Алматы қаласы Білім басқармасының бұйрығымен рәсімделеді. Нәтижесі Білім басқармасының сайтына жарияланады.
Ағымдағы  жылғы 1 қыркүйекке дейін көтермелеу жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.

 

1 қосымша

«Алматы қаласындағы білім беру
ұйымдарының үздік педагогикалық  ұжымын» сыйақы беру  критерийлері

Критерийлар

 Жоғарғы көрсеткіштік балл

Комиссия бағасы

 

  1. Мектеп үміткерлер санынан

 

 

1.1

«Алтын белгі»   алған  оқушылардың   үлесі

10

 

1.2

Жалпы орта білім туралы  үздік аттестат алған  түлектердің   үлесі

10

 

1.3

Негізгі мектепті үздік аттестатпен бітірген оқушылардың үлесі (9 сынып)

10

 

1.4

Білім беру бағдарламаларын «үздік» және «жақсы» меңгерген мектеп бітіруші түлектердің үлесі

10

 

 

  1. Жалпы педагогтердің  санынан

 

 

2.4

Біліктілік  көтеру курстарынан өткен педагогтер  үлесі

10

 

2.5

Деңгейлік бағдарлама бойынша біліктілігін  көтеру курстарынан өткен педагогтер  үлесі

10

 

2.6

Жоғары және бірінші біліктілік санатты педагогтер
үлесі

10

 

2.7

Қалалық, республикалық және халықаралық конференциялар, семинарлар, форумдар, көрмелер, педагогикалық шеберлік байқаулар, педагогикалық оқуларға  қатысқан педагогтер үлесі 

10

 

2.8

Қалалық , республикалық және халықаралық олимпиадалардың, байқаулардың  жеңімпаз педагогтердің үлесі

10

 

2.9

Білім берудегі жетістіктерді сыртқы бағалау тестілерін құрастыру бойынша республикалық сарапшылар тобына кіретін, педагогтердің үлесі (ОЖСБ)

10

 

2.10

Ғылыми жұмыстардың, бағдарламалардың, оқу-әдістемелік кешендердің (оның ішінде электронды) оқулықтардың, педагог авторлардың үлесі

10

 

2.11

Қала, республикалық деңгейде іс - тәжірибесі таратылған педагогтер үлесі

10

 

2.12

Мемлекеттік және  ҚР БҒМ   мадақтамаларымен марапатталған педагогтердің үлесі

10

 

 

  1. Жалпы оқушылар санынан

 

 

3.13

 Білім  беру ұйымдарында қосымша білім берумен қамтылған оқушылар үлесі

10

 

3.14

 Білім беру бағдарламаларын «үздік» және «жақсы» меңгерген оқушылар үлесі

10

 

 

  1. Жалпы оқушылар санынан

 

 

4.15

 Қалалық, республикалық,  халықаралық олимпиадаларда  жүлделі орын  алған    оқушылардың  үлесі

10

 

4.16

 Қалалық, республикалық, халықаралық, ғылыми жоба конкурстарында жүлделі орын алған оқушылардың үлесі (қатысқан оқушы санынан)

10

 

4.17

 Қалалық, республикалық,  халықаралық, спорт жарыстарынан,музыкалық және көркемөнер конкрустарында жүлделі орын алған оқушылардың үлесі

10

 

4.18

Жасөспірімдер ісі бойынша Алматы қ. ІІД есепте тұрған оқушылар

-5

 

4.19

Қылмыс жасаған оқушылар (тіркелген жағдай)

-10

 

 

                                        Қорытынды:
 

 180

 

                                                  Бағалау 10 балдық жүйе бойынша жүзеге асырылады.


10 балл– 90 - 100%
9 балл – 80 - 90%
8 балл – 70 - 80%
7 балл – 60-70%
6 балл – 50 – 60%

5 балл – 40 – 50%
4 балл – 30 – 40%
3 балл – 20 – 30%
2 балл – 10 – 20%
1 балл – до 10%

Мысалы :  Мектепте 70 мектеп бітіруші түлек, оның ішінде екі  түлек үздік аттестат алғандар, яғни 2 –ні жүзге көбейтіп ,70-ке бөлсек,2,8% пайыға тең болады, ол 1 балды құрайды.

Президенттің халыққа жолдауы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 

Мемлекеттік рәміздері

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері

Президенттің ресми сайты

Президенттің ресми сайты

Получить кредит нaличными без зaлогa Buy tramadol online
Buy xanax online