Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2017 жылдың 7 тамызында № 392 бұйрығымен «Жаңартылған білім беру мазмұнын пилоттық енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 455 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 455 бұйрығы толықтырылған 2-қосымшаға сәйкес, мектепалды даярлықтың білім беру бағдарламаларын, бастауыш білім берудің оқу бағдарламаларының, оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерін апробациялау шеңберінде, КММ № 15 гимназиясы, МКҚК №№ 65, 78, 110, 185 бөбекжай-балабақшалары «Әліппе» - «Букварь» апробациялау бойынша жұмыс жүргізуде.
Ағымдағы жылдың 27-30 қараша аралығында «Әліппе» оқулығы мен ОӘК-ті апробациядан өткізу іс-шара жоспарына сәйкес, балаларға Әліппені оқыту әдістемесімен таныстыру мақсатында «У дыбысы мен әріпі», «Звук и буква Ш, ш», «Знакомство с новым звуком Т, т и буквами его обозначающими», «М дыбысы және әріпімен таныстыру», «Буква Т. Утром, вечером и днём нас домой довозит он» атты тақырыптары бойынша ата-аналарға арналған ашық сабақтары өткізілді.
МКҚК «№ 65 бөбекжай-балабақшасы»
Тақырыбы: «Звук и буква Ш, ш»
МКҚК «№ 78 бөбекжай-балабақшасы»
Тақырыбы: «У дыбысы мен әріпі»
МКҚК «№ 110 бөбекжай-балабақшасы»
Тақырыбы: «М дыбысы және әріпімен таныстыру»
МКҚК «№ 185 бөбекжай-балабақшасы»
Тақырыбы: «Знакомство с новым звуком Т, т и буквами его обозначающими»
КММ «№ 15 гимназия»
Тақырыбы: «Буква Т. Утром, вечером и днём нас домой довозит он»