Қазақстан, Алматы қ., Республика алаңы, 4

Алматы қаласы әкімдігінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бастамашылық ету туралы хабарлама

 

  АЛМАТЫ  ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІК ЖОБАСЫНА БАСТАМАШЫЛЫҚ ЕТУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

2015 жылдың 31 қазандағы ҚР-ның «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңының 44-бап 1- тармақ 2-тармақшасына сәйкес жекеше әріптестіктің  зияткерлік обьектісі болып табылатын «Алматы қаласы білім беру мекемелеріндегі кешенді қауіпсіздік жүйесінің құрылғыларын жаңарту, орнату және техникалық қызмет көрсету» КБ базасындағы « Кешенді қауіпсіздік жүйесіндегі әлеуметтік-маңызды обьектілердің  дабыл хабарламаларын қабылдау және өңдеу (ЭЕМ үшін бағдарламалар)» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бастамашылық ету туралы хабарлайды.
МЖӘ жобасы  ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 03 сәуірде бекіткен №191 «Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптар туралы» қаулысының шеңберінде Алматы қаласы білім беру мекемелерінде  қауіпсіздік деңгейін арттыру қарастырады.
Алматы қаласындағы 408 білім беру обьектілері үшін жобаны жүзеге асыруда ұсынылған қызмет түрлері: 
- Алматы қаласы білім беру мекемелерінде on-line тәртібінде  ОБП (Орталықтандырылған Бақылау Пульті) базасында  жаңа бейнебақылау құрылғыларының (ССТV)   5405 қондырғысын орнату және жаңартуды жүзеге асыру;
-   Алматы қаласының  мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мекемелерінде бейнебақылау құрылғыларының (ССТV)   1903 қондырғысын орнату және бүрыннан орнатылған өрт дабылдары мен дыбыс хабарлары құрылғыларын техникалық сипаты жетілдірілген  on-line тәртібінде  ОБП- не қосылған жаңа 23442 қондырғымен ауыстыр;
- Техникалық сервистік қызмет көрсету барысында  Кешенді қауіпсіздік жүйесі құралдарының жекелеген желісін ауыстыру, қайта қалпына келтіру ;
МЖӘ жобасының іске асырылу мерзімі 12 жыл. Жоба жекеше әріптестің жеке қаржысы есебінен жүзеге асырылады. Инвестиция сомасы 1,036 млрд.теңгені құрайды.
Жоғарыда аталған МЖӘ жоспарланған жобасының жүзеге асырылуына мүдделі,әлеуетті жекеше әріптестер осы хабарламада көрсетілген  әлеуметтік-маңызды обьектілердің кешенді қауіпсіздік жүйесіне тең немесе одан да жақсы    баламаны енгізу туралы ұсыныс беруіне болады. 
Әлеуетті жекеше әріптесті анықтау әдісі — тікелей келіссөз.
Жоба техникалық күрделі немесе бірегей емес.
Балама сұраныстың тапсыруының соңғы мерзімі:  2017 жылғы 11  қараша

Әлеуетті инвесторларға қойылатын талаптар: 
1. Кешенді қауіпсіздік жүйесіндегі  әлеуметтік-маңызды обьектілердің дабыл хабарламаларын қабылдау, өңдеу  бойынша зияткерлік- шығармашылық қызмет көрсету нәтижесіне ерекше құқықтың құқықиеленушісі болуы тиіс;
2. Кешенді қауіпсіздік жүйесіндегі    дабыл хабарламаларын қабылдау, өңдеудің ұқсас жүйелерінде  жұмыс  тәжірибесі 5 жылдан кем  болмауы тиіс;
3. құқықтық қабілетті меңгеруі тиіс(заңды тұлғалар үшін);
4. Төлем төлеуге қабілетті болуы тиіс, салықтық қарызы болмауы тиіс ;
5. Міндеттерді орындауға қажетті қаржылық, материалдық және еңбектік  ресурстары болуы тиіс;
Балама ұсыныстарда   болуы керек: 
1. 2015 жылдың 31 қазандағы ҚР-ның «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңының және 2015 жылдың 25 қарашасындағы ҚР  Ұлттық Министрінің уақытша міндетін атқарушының №725 бұйрығымен бекітілген  «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың қағидаларының» талаптарына сәйкес әзірленген және  ресімделген мемлекеттік-жекешелік әріптестік  туралы жобаның   концепциясы;
2. Ақпараттық  жүйеге балама болатын зияткерлік-шығармашылық қызмет көрсету нәтижесіне ерекше құқықты дәлелдейтін құжаттың болуы  ;
3. Әлеуетті жекеше әріптестің атауы және мекен -жайы;
4. Мемлекеттік тиістілік туралы ақпарат   (заңды тұлғалар үшін), азаматтық (  физикалық тұлғалар үшін);
5. Әлеуетті жекеше әріптестің өкілі ретінде ұсынылған басшы немесе заңды тұлғалар   туралы мәліметтер  .

Қосымша ақпарат бойынша КМБ « Алматы қаласы Білім Басқармасына» хабарласуға болады.
Попенко Светлана Валентиновна, КМБ « Алматы қаласы Білім Басқармасы»басшының орынбасары, тел. 8(727) 271-66-51

Президенттің халыққа жолдауы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 

Мемлекеттік рәміздері

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері

Президенттің ресми сайты

Президенттің ресми сайты

Получить кредит нaличными без зaлогa Buy tramadol online
Buy xanax online