Қазақстан, Алматы қ., Республика алаңы, 4

«Алматы қаласы мектептерінде білім берудің жаңартылған мазмұнын ендіру: тәжірибе, проблемалар, шешу жолдары» қалалық ғылыми-практикалық конференциясы туралы

Алматы  қаласы Білім басқармасының жоспарына сай «Қалалық әдістемелік кабинет» ғылыми-әдістемелік зертханасының ұйымдастыруымен 22.05.2017ж. №134 лицейінде «Алматы қаласы мектептерінде білім берудің жаңартылған мазмұнын ендіру: тәжірибе, проблемалар, шешу жолдары» қалалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Конференцияның мақсаты негізгі орта білімнің жаңартылған мазмұнын оқу процесіне ендіру барысында кездесетін проблемаларды және оларды шешу жолдарын талқылау үшін мұғалімдер мен әдіскерлердің педагог ғалымдармен, жаңартылған білім беру мазмұнын дайындаушылармен, оқулықтар және оқу-әдістемелік кешендер авторларымен пікір алмасуына жағдай жасау болды.

Конференция жұмысына 2017-2018 оқу жылында оқу процесіне пайдалануға рұқсат етілген оқулықтар мен ОӘК 20-дан аса авторлары ғылым докторы, профессор Т.Ә.Төлебаев, Т. Омарбеков, Г.Б.Хабижанова, ғылым кандидаты, доцент Б.С.Қапалбеков,  Б.Д. Мадиева, Б.Д.Керімбекова, Т.Е.Картаева, М.С. Ногайбаева, Е.Т. Картабаева, М.К. Оспанова т.б. қатысып өз оқулықтарының тұжырымдамалық негіздері, мазмұндық және әдістемелік ерекшеліктері туралы мұғалімдермен тікелей пікірлесу жүзеге асты.

Сонымен бірге, секция жұмыстарында бастауыш және негізгі орта білім берудің жаңартылған мазмұны негізінде оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері бойынша  арнайы дайындалған 6 жаттықтырушы жаңартылған білім беру мазмұны негізінде оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері бойынша тренингтер жүргізді: жаңартылған оқу материалын меңгеруінің алғашқы нәтижелері бойынша талдау қорытындысымен бөлісті;  жаңартылған білім беру мазмұны негізінде оқу процесін ұйымдастырудың күрделі мәселелердің бірі – оқушылардың оқу жетістігін критериалды бағалауды жүзеге асыруда туындаған мәселелер мен оны шешу жолдары бойынша тәжірибелерімен бөлісті; оқу процесінің жақын, орта және алыс мерзімдік жоспарын жүзеге асыру мәселелері бойынша тәжірибелерін ортаға салды. Конференция мақсаты да осы еді.

Конференцияның пленарлық мәжілісінде «ҚӘК» ҒӘЗ оқу жұмысы бөлімінің меңгерушісі М.А. Батырбаева «Жаңарған білім беру мазмұны білімнің жаңа сапасының кепілі» тақырыбындағы баяндамасында 2017-2018 оқу жылында оқу процесіне ендірілетін оқу пәндерінің оқу бағдарламаларына жан-жақты талдау жасады.  

Конференцияға қатысушылар конференцияның қойған мақсатына жеткенін, сонымен бірге төмендегі мәселелерге  Білім басқармасының, Қалалық әдістемелік кабинеттің, «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Алматы қаласы бойынша ПҚБАИ, баспалардың назарын аудару қажеттігін айтады.

1. Алматы қалалық әдістемелік кабинетіне:
– 2017-2018 оқу жылында 5,7 сыныптарға ендірілетін жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламаларын дайындаушылардың әдістемелік бірлестіктердің жетекшілерімен семинарын ұйымдастыру сұралсын;
– 2017-2018 оқу жылында 5,7 сыныптарға ендірілетін жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламаларына сай дайындалған оқулықтар мен ОӘК дайындаушылармен мұғалімдердің семинарын ұйымдастыру сұралсын;

2. «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Алматы қаласы бойынша ПҚБА институтына:
2017-2018 оқу жылында 5,7 сыныптарға ендірілетін жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламаларына сай дайындалған оқулықтар мен ОӘ кешендер негізінде ұйымдастырылатын оқу процесінің ерекшеліктеріне арналған БА курстарымен мұғалімдерді толық  қамту сұралсын;
– 2017-2018 оқу жылында 5,7 сыныптарға ендірілген жаңартылған мазмұндағы оқулықтар мен ОӘ кешендер негізінде ұйымдастырылатын оқу процесінде мұғалімдерге жүйелі курсаралық қолдау көрсету сұралсын;

3. Баспалардың басшыларына:
2017-2018 оқу жылында 5,7 сыныптарға ендірілетін жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламаларына сай дайындалған оқулықтар мен ОӘК дайындаушыларымен өтетін мұғалімдердің семинарына авторлардың қатысуын қамтамасыз ету сұралсын;

4. Алматы қаласы Білім басқармасына:
–  2017-2018 оқу жылында 5,7 сыныптарға ендірілетін жаңартылған мазмұндағы оқулықтар мен ОӘ кешендер негізінде ұйымдастырылатын оқу процесін қажетті материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету сұралсын.

 

 

 

 

 

Президенттің халыққа жолдауы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 

Мемлекеттік рәміздері

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері

Президенттің ресми сайты

Президенттің ресми сайты

Получить кредит нaличными без зaлогa Buy tramadol online
Buy xanax online