Қазақстан, Алматы қ., Республика алаңы, 4

Алматы мектептерінің 7804 түлектері үшін «Соңғы қоңырау» соғылды

 Алматы әкімі Бауыржан Байбек Алатау ауданындағы Шаңырақ елді мекенінде сонау 2007 жылы ел Президенті Н.Ә.Назарбаев ашқан №169 мектептің салтанатты жиынында болды.

Оқу жылының аяқталуымен оқушыларды, мұғалімдер мен ата-аналарды құттықтаған Бауыржан Байбек Алатау ауданында соңғы бес жыл ішінде бес жаңа мектеп салынғанын, биыл тағы да бір мектеп құрылысының басталғанын айтты.
«Қалада сапалы әрі заманауи білім алу үшін барлық жағдайлар жасалуда .Президентіміз Н.Ә.Назарбаев ең басты капитал адам екендігін үнемі айтады, бюджеттің басым бөлігі білім беру саласына жұмсалады. Биыл Алматының барлық мектептерін линогофонды кабинеттермен қамтамасыз етуге қаржы аударылды. Физика, биология, химия кабинеттері қажетті заттармен 100 пайыз қамтамасыз етілді, қаланың барлық мектептерінде кеңжолақты интернет қолжетімді болады. Мен түлектердің емтихан сындарынан сүрінбей өтулеріне тілектеспін. Емтихан – балалар үшін де, олардың ата-аналары үшін де ауыр сынақ, бірақ мұғалімдер берген сапалы білім мен өнегелі тәрбиенің арқасында жас түлектердің биік межелерге жететініне сенімдімін», - деді Б.Байбек.

Алматы әкімі оқу процесімен қатар оқушылардың жазғы демалыстарын ұтымды ұйымдастыру қажеттігін де атап көрсетті. Жазғы каникул кездерінде балалар үшін клубтар, үйірмелер, балалар лагерьлері жұмыс істейтін болады.
Жалпы, алматылық мектеп оқушылары жыл сайын республикалық олимпиадалар мен түрлі ғылыми - жобалық конкурстарда жүлделі орындарды иеленіп келеді. Биылғы жылы Алматы мектептерінің 7804 түлегі үшін «соңғы қоңырау» соғылды.

 

 

 

Президенттің халыққа жолдауы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 

Мемлекеттік рәміздері

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері

Президенттің ресми сайты

Президенттің ресми сайты

Получить кредит нaличными без зaлогa Buy tramadol online
Buy xanax online