Қазақстан, Алматы қ., Республика алаңы, 4

Ғылыми-техникалық шығармашылық және робот техникасы бойынша Алматы қаласының IV ашық чемпионаты туралы

Сәуір айының 29 мен 30 аралығында Оқушылар сарайында ғылыми-техникалық шығармашылық және робот техникасы бойынша Алматы қаласының IV ашық чемпионаты өткізілді. Чемпионатты ұйымдастырушы «Алматы қаласы Білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болды.

Бірлесе ұйымдастырушылар: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, «Қазақстандық жобаларды басқару институты» ҚҚ, «Direct Services» ЖШС, «Love to Code» ЖШС, «Мектептегі сабақтар» ЖШС және «American Corner and Maker Space Almaty» жобасы. Чемпионатқа қолдау көрсеткендер «Эйр Астана» АҚ, «Kcell» АҚ, ЖШС «АК Цент Микросистемс», «Siemens» корпорациясы және «Казинтерсервис» компаниясы, «iPoint Kazakhstan» компаниясы, «Қ.И. Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ технопаркі» ЖШС, «Newtech Distribution» ЖШС, «Robo-tech.kz» ЖК. Чемпионаттың ресми интернет-сайты: www.championship.edualmaty.kz Чемпионаттың басты мақсаты - балалар мен жастардың жоғары технологиялық өндіріске, инновациялар мен инженерлік әзірлемелерге деген қызығушылығын арттыру болып табылды. Чемпионат техникалық шығармашылық саласындағы талантты балалар мен жастарды анықтау және оларға қолдау көрсетуге бағытталды. Чемпионатқа барлық түрдегі және типтегі білім беру ұйымдарынан 210 командадан тұратын 600 оқушы қатысып, жүлделі орындарға таласты. Барлық командалар кіші, орта және ересектер жас санатына. Чемпионат екі бағытта өткізілді: «Жобалар» және «Жарыстар». «Жобалар» бағыты аясында келесі конкурстар өткізілді: - инженерлік жоба; - бағдарламалық жоба; Кіші жас санатында «Хакспейс-МР» командасының (Рыбалкин Матвей және Петухов Алексей) «Интеллектуалды қала» жобасы үздік инженерлік жоба болып танылды. Екінші орынды Балқаш қаласының №15 мектеп-лицейінің Futureenergy (Валихан Аманжолов и Алиби Багдат) командасы «Қуатты Қазақстан. Болашақ электромобильді автокөлігі» жобасы алды. Орта жас санаты бойынша суарудың интеллектуалды жүйесін әзірлеген «Балбұлақ-Родник» командасының мүшесі Данияр Бозжанов жеңіске жетті. Ересектер тобы командасының арасынан Халықаралық Ақпараттық технологиялар Университетінің (ХАТУ) «StabSystem» командасы Данил Дроздовтың басшылығымен «Авиациялық ұшқышсыз кешен» жобасы үшін бірінші орын алды. Жюри мүшелерінің төрелігіне бағдарламалық жобалар, соның ішінде веб-сайттар, бір парақтық қосымшалар, сонымен қатар Android и IOS платформасына арналған өздігімен әзірленген мобильді қосымшалар ұсынылды. Конкурстың шарттарының бірі қалада немесе аудандарда өмір сүру сапасын жақсартуға, тіл үйретуге бағытталған, сонымен қатар жасыл экономиканы дамытуға ықпал ететін жобалар ұсынылуы тиіс болатын. Ересектер жас санатында шетел тілін үйренушілерге көмектесетін HighscoreEaal жобасымен Орталық-Азия техникалық-экономикалық колледжінің Twix командасы (Роман Иминов, Никита Колодин) жеңіске жетті. Чемпионат аясында үш бағытта (сумо, кегельринг и линия) роботтар сайысы өткізілді. Сумоист роботтардың сайысы ең қызықты болды, ересектер жас санатында шыққан Lesson.kz клубының «Марк и Цукерберг» (Марк Николсан, Билал Магомедов) командасы жеңіске жетті. Әр жас санаты және конкурстың номинациялары бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлердің толық тізімі осы баспасөз хабарламасының қосымшасында ұсынылды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша: «...осындай чемпионаттарды өткізу еліміздің талантты жастары – Қазақстанның ұлттық экономикасының заманауи салаларына арналған болашақ инженер-техник кадрларды анықтауға, оқытуға, іріктеуге және одан әрі қолдау көрсетуге көмектеседі».

 

 

 

 

Президенттің халыққа жолдауы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 

Мемлекеттік рәміздері

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері

Президенттің ресми сайты

Президенттің ресми сайты

Получить кредит нaличными без зaлогa Buy tramadol online
Buy xanax online