Қазақстан, Алматы қ., Республика алаңы, 4

Ғылыми-техникалық шығармашылық және робототехника бойынша Алматы қаласының IV ашық чемпионатын өткізу туралы

 

Чемпионатты ұйымдастырушы «Алматы қаласы Білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Қоса ұйымдастырушылар: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, «Қазақстандық жобаларды басқару институты» ҚҚ, «Direct Services» ЖШС, «Love to Code» ЖШС, «Мектептегі сабақтар» ЖШС және «American Cornerand Maker Space Almaty» жобасы.
Чемпионатқа қолдау көрсеткендер«Эйр Астана» АҚ, «Siemens» корпорациясы және «Казинтерсервис» компаниясы.
Чемпионаттың ресми интернет-сайты: www.championship.edualmaty.kz

Чемпионаттың басты мақсаты - балалар мен жастардың жоғары технологиялық өндіріске, инновациялар мен инженерлік әзірлемелерге деген қызығушылығын арттыру болып табылады.
Чемпионат техникалық шығармашылық саласындағы талантты балалар мен жастарды анықтау және оларға қолдау көрсетуге бағытталған.
Чемпионатқа барлық түрдегі және типтегі білім беру ұйымдарының оқушылары, сонымен қатар Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде орналасқан білім беру ұйымдарының оқушылары мен үйден оқитын оқушылар да қатыса алады.
Чемпионатқа қатысушылардың барлығы командаларға бөлінеді және сол командалар жүлделі орындарға таласатын болады.

Чемпионат екі бағытта өткізіледі: «Жобалар» және «Жарыстар».
«Жобалар» бағыты аясында келесі конкурстарды өткізу жоспарлануда:
- инженерлік жоба;
- бағдарламалық жоба;
- WRO 2017 (Open Category) арналған жоба.
«Жарыстар» бағытында роботтар сайысы өткізіледі (сумо, кегельринг, линия) және  WRO 2017 (Open Category) арналған  тапсырмалар орындалады: SustainableTourism, CarbonNeutrality, RenewableandCleanEnergy.
Чемпионат барысында Жюри мүшелері командалар ұсынған әр жобаға балл қояды және сол балдардың жиынтығы бойынша әр номинация жеңімпазы анықталатын болады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша: «...осындай чемпионаттарды өткізу еліміздің талантты жастары – Қазақстанның ұлттық экономикасының заманауи салаларына арналған болашақ инженер-техник кадрларды анықтауға, оқытуға, іріктеуге және одан әрі қолдау көрсетуге көмектеседі».

Қосымша ақпарат алу үшін, сонымен қатар тіркелу мәселесі бойынша келесі нөмірлерге хабарласа аласыздар: 

+7 705 218 36 73+7 7 705 218 e-mailmalik.koshmuhan@gmail.com 

Президенттің халыққа жолдауы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 

Мемлекеттік рәміздері

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері

Президенттің ресми сайты

Президенттің ресми сайты

Получить кредит нaличными без зaлогa Buy tramadol online
Buy xanax online