Қазақстан, Алматы қ., Республика алаңы, 4

Алматыда балалар үйлерінің тәрбиеленушілері Президенттік Жаңа жыл шыршасына қатысты

Алматыда Қазақстан Республикасы Президентінің атынан Жаңа жылдық шырша өтіп, оған 200 бала - ата-ана қарауынсыз қалғандар мен балалар үйлерінің тәрбиеленушілері қатысты. Көңілді мерекеге келген балдырғандарды видеокөрініс арқылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев құттықтады.

«Құрметті балалар, ең көңілді мереке - Жаңа жыл келе жатыр. Сыртта қыс болса да біздің үйімізде жылылық пен бейбітшілік салтанат құруда. Біздің кең - байтақ еліміздің қалалары мен селоларын жаңа жылдық шыршалар безендірген, қол ұстасып, ән айтқан балалар жасыл шыршаны айнала жүріп, жасыл бұтақтар арасынан өздері көптен күткен сыйлықтарды іздейтін болады. Маңыздысы, тек осы күні ғана емес, жыл бойына сендер қол ұстасып, біріңе –бірің қолдау көрсетіп, жақсылықтың жетегінде жұптарың жазылмайтын болсын. Достық – біздің өміріміздегі ең басты қағида, өздеріңе, үлкендерге көмектесіп, сендер жақсы азамат болып өсесіңдер. Біздің барша халқымыз – үлкен бір отбасы. Жаңа жыл- сиқыр мен тамашаның уақыты. Біз, үлкендер де бұған сенеміз.Тындырымды еңбек, бірлік, Отанға деген сүйіспеншілік арқасында кез- келген арман орындалады әрі сендер бұл мерекеге лайықсыңдар. Өтіп бара жатқан жылда сендер білімдеріңді жетілдірдіңдер, жоғары спорттық рекордтарға жеттіңдер, ең бастысы,қол жеткенге тоқмейілсімеңдер, сендердің барлығың – Тәуелсіз Қазақстанның жас азаматтарысыңдар, еліміздің жетістігі сендердің әрқайсыларыңа болашақтың жарқын жолын ашады.Мен сендерді Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын, барлығыңның армандарың орындалсын. Бақыт пен қуаныш тілеймін», - деп атап өтті Мемлекет басшысы өзінің видеоүндеуінде.

Фотография

Мерекелік шараға 100-ге жуық артистер қатысты, олар – «Ісмер», «RinGO», «Кербез» топтары, «Сенiм» ансамбльі, Мұрат Мұтұрғанов, Әсет Балғазин, Венера Саги, Юрий Шумилин, Нұрайлым Кайрат,Алдияр Әбдуәлі, балет мектебіне қатысушылар, ходулистер, ұзынтұра қуыршақтар, «Аяз-ата», «Қарша қыза», Универсиада символы символы «Сұңқар», «Алтын-батыр», «Сұлу Алматы», «Экспо-мен», «Дала бораны және басқалар.

Көңілді бағдарламаға қоса кішкентай қонақтар мерекелік түскі астан дәм татып, ҚР Президентінің атынан сыйлықтар топтамасын (күртеше, ұялы телефон, ойыншықтар, спорттық киім мен кроссовка, канцелярия тауарлары, аксессуарлар, гаджетке қажет заттар, мектеп рюкзагы және басқалары) алды.

Президенттің халыққа жолдауы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 

Мемлекеттік рәміздері

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері

Президенттің ресми сайты

Президенттің ресми сайты

Получить кредит нaличными без зaлогa Buy tramadol online
Buy xanax online