Қазақстан, Алматы қ., Республика алаңы, 4

«Алматының үздік педагогы – 2014» қалалық конкурсы

Алматы қаласы білім беру ұйымдарының педагогтарының педагогикалық шеберлігі конкурсы Алматы қаласы Әкімдігінің қолдауымен 2005 жылдан бері өткізіліп келеді. 2013 жылдан бастап конкурс Қазақстан Республикасы Үкіметінің 30.03.2012ж. №394 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының Үздік педагогы» атағын беру ережелеріне сәйкес жаңа форматта өткізіледі. 2014 жылы конкурсқа мемлекеттік мектептердің мұғалімдері, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының мұғалімдері, техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарының оқытушылары қатысты. Конкурстың І кезеңі – аудандық кезең, 21-30 сәуір аралығында өткізілді, бұл кезеңде ІІ кезеңге қатысатын педагогтар іріктеліп алынды. ІІ кезеңге аудандық комиссиялар әдістемелік кабинетке білім берудің әр деңгейі бойынша бірінші орын алған педагогтардың 17 портфолиосын. ІІ кезең – қалалық кезең, 2-30 мамырда өткізілді. Қалалық кезеңнің жеңімпаздары Астана қаласында 2014 жылдың тамыз-қыркүйек айларында өтетін ІІІ кезең – республикалық кезеңге жолдама алады.

Қалалық кезең төмендегідей туралр бойынша өткізілді:

  • Сырттай – портфолиоларды сараптау – 6 мамыр;
  • Қашықтықтан – онлайн режимдегі сабақтың үзіндісін көрсету (20 минут) – 13-14 мамыр; онлайн режимде мастер-класс көрсету (10 минут) – 16 мамыр.

Конкурстың қорытындысы Тамыз педагогикалық кеңесінде салтанатты түрде жарияланатын болады.

Президенттің халыққа жолдауы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 

Мемлекеттік рәміздері

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері

Президенттің ресми сайты

Президенттің ресми сайты

Получить кредит нaличными без зaлогa Buy tramadol online
Buy xanax online