Қазақстан, Алматы қ., Республика алаңы, 4

Алматы әкімдігі мен ҚР-ы Білім министрлігі Меморандумға қол қойды

Алматыда ҚР Білім министрлігі мен қала әкімдігі арасында білім беру саласы және жастар саясатында 2014-2016 жылдар аралығында мақсатты және түпкі нәтижелерге қол жеткізу жөніндегі Меморандум бекітілді.Құжатқа Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов пен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Аслан Саринжипов қол қойды.

Меморандумда ҚР-да 2011-2020 жылдары білім беруді дамыту; ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2014-2018 жылдарғы Стратегиялық жоспары; «Балапан» бағдарламасы; «Қазақстан 2020: болашаққа жол» атты ҚР мемлекеттік жастар саясатының Концепциясы сынды Мемлекеттік бағдарламалар қамтылған.

Алматы әкімі жиында жаңа мектептер салудың маңыздылығын атап өтті. Қалада 2014 жылы бір мектеп, 2015 жылы тағы бір мектеп, ал 2016 году жылы сегіз мектеп салынбақ. Бұдан өзге Ахметжан Есімов мемлекеттік- жеке серіктестік негізінде бала бақшалар ашуды ұсынды.

«Бюджетке ауыртпалық түсірмеу үшін мемлекеттік бала бақшаларды МЖС негізінде жүзеге асырған жөн. Бұл мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінде орын жетіспеу проблемасын шешер еді», - деді Ахметжан Есімов.

Білім берудің сапасы түлектерге деген сұраныстан көрінуі тиіс. Жұмыспен қамтудың орташа деңгейі өткен жылы 68% болды. Статистика ЖОО-ның түлектеріне қарағанда колледж бітіргендерге сұрангыстың бар екендігін көрсетті. Осы ретте Ахметжан Есімов жаңа колледждер салуды атап өтті.

Аслан Саринжипов өз кезегінде бекітілген құжаттың әкімдік пен министрлік жұмысын синхронизициялайтынын айтты..

«Үш жылға арналған бұл Меморандум Президенттің білім беру саласы алдына қойған міндеттерін оырндауға ықпал етеді», - деді Аслан Саринжипов

Меморандум 3 жылды қамтиды, 2017 жылы Қазақстан азаматтары мен алматылықтарға әлемдік стандартқа сай білім алуға жол ашады.

 

Президенттің халыққа жолдауы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 

Мемлекеттік рәміздері

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері

Президенттің ресми сайты

Президенттің ресми сайты

Получить кредит нaличными без зaлогa Buy tramadol online
Buy xanax online