Қазақстан, Алматы қ., Республика алаңы, 4

Алматыда балабақшалар саны артуда


Алматыда 4 жаңа балабақша ашылды. Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов «Айнабұлақ» ықшам ауданында ашылған бала бақшада болды.Қала басшысы елеулі оқиғамен балдырғандар мен олардың ата-аналарын құттықтап, «Балапан» бағдарламасының маңыздылығын атап өтті.
«Алдымызда тұрған маңызды міндеттердің бірі - болашақ жас ұрпақты тәрбиелеу. Бұл үшін Алматыда барлық жағдайлар жаслауда- бала бақшалары мен мектептер салынуда. Біз бала тәрбиесінің ең алдымен бала бақшадан басталатындығын ескеруіміз керек», - деді Ахметжан Есімов.
Әкім қалада 424 мектеп жасына дейінгі балалар мекемесі бар екендігін жеткізді. Бұларда 51 500 бала тәрбиеленуде. Тек соңғы бес жылдың ішінде ғана мегаполисте 4090 орынды 25 бала бақша салынды. Осы жылдар ішінде 1740 орында 7 ғимарат қала меншігіне қайтарылды. Нәтижесінде Алматыда бала бақша саны 8,1% (5 830 мест) өсті.
№ 179 бала бақша 120 орынды. Ол қазіргі заманғы жабдықтармен толық қамтылған. Оқу-тәрбие жұмыстары мемлекеттік тілде жүзеге асуда.
Таяу арада мегаполисте «Саялы», «Алгабас», «Акбұлак» ықшам аудандары мен Шаляпин-Правда көшелірінің бойында бала бақшалар бой көтеретін болады.

Президенттің халыққа жолдауы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 

Мемлекеттік рәміздері

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері

Президенттің ресми сайты

Президенттің ресми сайты

Получить кредит нaличными без зaлогa Buy tramadol online
Buy xanax online