Қазақстан, Алматы қ., Республика алаңы, 4

Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру

Қызмет көрсету қамқоршының (қорғаншының) тұрғылықты мекенжайы бойынша аудандық білім бөлімімен жүзеге асырылады.

  1. Өтініш қабылдау және анықтама беру келесілер арқылы жүзеге асырылады:
  2.  «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ХҚКО;
  3. www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - ЭҮП)

Анықтама алу үшін ХҚКО-ға немесе қамқоршылық (қорғаншылық) тағайындалған мекенжай бойынша қамқоршылық және қорғаншылық қызметін жүзеге асыратын органға жүгіну қажет.

  1. Алдымен өтініш беру формасы мен қажетті құжаттардың тізімін алу қажет.
  2. Құжаттарын жинақтаған соң азамат ХҚКО-ға немесе www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталына жүгінеді.
  3. Аталған анықтама жетім және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға қорғаншы (қамқоршы) тағайындау туралы әкімнің өкімі шығарылғаннан кейін ресімделеді.
  4. Азамат 2 жұмыс күнінен кейін ХҚКО-дан анықтама алады.

Құжаттар тізбесі:

  1. Өтініш
  2. Қамқоршының (қорғаншының) жеке куәлік көшірмесі

Копия удостоверение личности опекуна (попечителя);

  1. Қамқоршылыққа (қорғаншылыққа) алынатын баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесі
  2. Кәмелетке толмаған балаға қорғаншы (қамқоршы) тағайындау туралы әкім өкімінің көшірмесі

Ата-анасының қайтыс болғаны туралы куәлік көшірмесі, сот шешімі, іздеу туралы анықтамасы, некеден тыс туылған бала болған жағдайда №4 форма бойынша анықтамасы немесе ата-анасының жоқ екенін растайтын басқалай құжаттар.
Құжаттардың түпнұсқасы идентификациялау үшін  беріледі.
Жұмыс кестесі:

    1. ХҚКО – еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі күні мен мерекелік күндерді есептемегенде, дұйсенбіден сенбіге дейін белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00ден сағат 20.00ге дейін, түскі үзіліссіз жұмыс істейді.
    2. ЭҮП: тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде техникалық үзіліске есептемегенде (қызмет көрсетуді тұтынушы жұмыс уақыты аяқталғанда, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда                         Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету қорытындысын беру келесі жұмыс күнімен жүзеге асырылады).


Қорғаншылық және қамқоршылықбойынша анықтама электронды түрде беріледі. Қызмет көрсету қорытындысын алуға азаматтың жүгінуі қағаздағы жазбаша түрде болған жағдайда, оны электрондық түрде ресімдеп, принтерден басып шығарып, аудандық білім бөлімі басшысының қолы қойылып, мөрмен расталады.
ЭҮП-да қызмет көрсету нәтижесі тұтынушыға аудандық білім бөлімі басшысының электрондық цифрлық қолымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) электрондық құжат түрінде азаматтың  «жеке кабинетіне» жіберіледі

Получить кредит нaличными без зaлогa Buy tramadol online
Buy xanax online