Қазақстан, Алматы қ., Республика алаңы, 4

Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуғажәрдемақы тағайындау

  1. Аталған анықтаманы алу үшін келесілерге жүгіну қажет:
  2. Аудандық білім бөлімінің кеңсе бөліміне;
  3. «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ХҚКО-ға;
  4. www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталына (бұдан әрі - ЭҮП)

2. Қызмет көрсету түрі – электронды және (немесе) қағазда жазбаша
3. Мемлекеттік қызмет көрсету қорытындысы - жетім балалар  және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың күтімі үшін қамқоршылыққа немесе қорғаншылыққа алушыларға жәрдемақы төлемін тағайындау туралы шешім.
Қызмет көрсету қорытындысын алуға азаматтың жүгінуі қағаздағы жазбаша түрде болған жағдайда, оны электрондық түрде ресімдеп, принтерден басып шығарып, аудандық білім бөлімі басшысының қолы қойылып, мөрмен расталады. ЭҮП-да қызмет көрсету нәтижесі аудандық білім бөлімі басшысының электрондық цифрлық қолымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) электрондық құжат түрінде азаматтың  «жеке кабинетіне» жіберіледі.
4. Қызмет тегін түрде көрсетіледі. Алдымен тізбе бойынша құжаттар жинақтау және өткізу қажет:
1) Қамқоршының (қорғаншының) жеке куәліктері;
2) Баланың туу туралы куәлігі;
3) Некеге тұру немесе ажырасу туралы куәлігі;
4) Жетім және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға қорғаншы (қамқоршы) тағайындау туралы әкімнің өкімі;
5) Қамқоршыға (қорғаншыға) БЗЖҚ-нан анықтама;
6) Халық банкісінің карточкалық базасында ағымдағы 20 таңбалы есепшот ашылуы туралы хабарлама
Қызмет көрсету мерзімі:

  1. құжаттарды ХҚКО-ға тапсырған күннен және ЭҮП жүгінген күннен бастап есептегенде 10 жұмыс күні ішінде аласыз.

Жұмыс кестесі:

  1. ХҚКО – еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі күні мен мерекелік күндерді есептемегенде, дұйсенбіден сенбіге дейін белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00ден сағат 18.00ге дейін жұмыс істейді, түскі үзіліс – сағат 13.00ден бастап 14.00ге дейін. Мемлекеттік қызмет көрсету кезек тәртібімен және алдын ала жазылусыз, жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүргізіледі.

2) ЭҮП; тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде техникалық үзілісті есептемегенде (қызмет көрсетуді тұтынушы жұмыс уақыты аяқталғанда, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда                         Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету қорытындысын беру келесі жұмыс күнімен жүзеге асырылады).

Получить кредит нaличными без зaлогa Buy tramadol online
Buy xanax online