Қазақстан, Алматы қ., Республика алаңы, 4

Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу

1. Тұрғылықты мекенжайы бойынша аудандық білім бөліміне жүгіну қажет және аудан әкімі атына баланың қорғаншысы немесе қамқоршысы болуға өзінің ықыласы туралы өтінішін беру.

2. Баланың қорғаншысы немесе қамқоршысы болуға өзінің ықылас білдіруші некеде тұрған жағдайда нотариалды бекітілген жұбайының келісімін (жұбайы жоқ болса, некенің ажырасуы туралы куәлігі немесе  жұбайының қайтыс болғаны туралы куәлігін) беруі қажет.

3. Қамқоршы болуға ықылас білдіруші өзінің және жұбайының денсаулық жағдайы  туралы анықтама беруі тиіс:

  • Наркодиспансер:  Мақатаев көшесі, №10 үй;

            -     Психдиспансер:   Каблуков көшесі,  № 117 үй;
-     СПИД орталығы: Утепов/ Жароков көшесінің қиылысы;
-     Тері-ренерология диспансер: Чапаев/ Жандосов көшесі қиылысы;
-      Тубдиспансер;
-  мекенжайы бойынша емханадағы учаскелік терапевтің қорытындысы

  1. Аудандық білім бөлімі тарапынан қорғаншы болушының үй-тұрмыс жағдайына зерделеу жүргізіп, акт толтырады
  1. Қорғаншы немесе қамқоршы болуға ықылас білдіруші жеке куәлік көшірмесін береді.
  1. Қорғаншы немесе қамқоршы болуға ықылас білдірушіге жұмыс орнынан мінездеме беріледі.
  1. Қорғаншы немесе қамқоршы болуға ықылас білдірушіге жұмыс орнынан еңбек ақысы туралы анықтама беріледі.
  1. ХҚКО сотталмағы жөнінде анықтама береді.
  1. ХҚКО-нан адрестік анықтама беріледі.
  • Халық банкінің 20сандық есепшоты
  • Бұдан әрі аудан әкімі атына жазылған өтінішіңізбен ХҚКО бару қажет, Сізге қамқоршылық немесе қорғаншылық белгіленгені жөнінде өкімді алу үшін мерзімі көрсетілген түбіртек береді.
  • 1-2 күннен кейін аудандық білім бөліміне ХҚКО-нан орындалу мерзімі көрсетілген түбіртек және өтініш түседі.
  • Білім бөлімі курьер арқылы ХҚКО дайын өкімді беріп жібереді.
  • ХҚКО түбіртекпен келіп, дайын болған өкімді алу қажет.

 

Өтініш үлгісі:
Сізден ... (себебін көрсету) аты-жөні, тегі, туған жылы (толығымен) мені қамқоршы (қорғаншы) болуға тағайындауды сұраймын.

Күні. Қолы.

Получить кредит нaличными без зaлогa Buy tramadol online
Buy xanax online