Қазақстан, Алматы қ., Республика алаңы, 4

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау

Мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа дейін) балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға орналастыру  үшін кезекке қоюды олардың  ата-аналары жүргізеді. Кезекке қою үшін  ата-аналар тұрғылықты орны бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік  корпорациясы» (бұрынғы ХҚКО – халыққа қызмет көрсету орталығы) коммерциялық емес акционерлік қоғамына өтініш білдіруі қажет.   
Қызметті алушы өтініш білдірген кездегі  мемлекеттік  қызмет көрсетуге қажетті құжаттардың тізбесі:

  1. мемлекеттік  қызмет стандартына сәйкес үлгідегі өтініш;

           2) бала тууы  туралы  куәлік (тұлғаны бірдейлендіру үшін қажет болады);
3) қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (ата-аналарының біреуінің немесе заңды өкілдерінің (тұлғаны бірдейлендіру үшін қажет болады);
1.  Мектепке дейінгі  ұйымнан  кезектен тыс  орын алу құқығын  растайтын құжаттар:  «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңға сәйкес әскери қызметшілердің, оның ішінде қызметті атқару уақытында қаза тапқан, қайтыс болған немесе хабар-ошарсыз кеткен әскери қызметшілердің балалары.
- «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Заңға сәйкес арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерінің, оның ішінде қызметті атқару уақытында қаза тапқан, қайтыс болған немесе хабар-ошарсыз кеткен арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерінің балалары.
Мектепке дейінгі  ұйымнан  кезектен тыс  орын алу құқығын  растайтын мәліметтер әскери қызметшінің немесе арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерінің жұмыс орнынан берілген, мөр басып куәландырылған және уәкілетті адамның қолы қойылған  анықтама болып табылады. Анықтама 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жарамды және онда ағымдағы жұмыс орнының ұйымы және қызметі немесе қайтыс болғаны немесе хабар-ошарсыз кеткені туралы мәліметтер болуы тиіс;
2. Мектепке дейінгі  ұйымнан  кезектен тыс  орын алу құқығына балалардың мынадай санаттары ие, қызметті алушы олардың мүдделерін білдіреді:
1) заңды өкілдері мүгедектер болып табылатын балалар (мүгедектігі туралы анықтаманы береді);
         2) ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар және жетім балалар (балалар қамқорлықта немесе патронаттық тәрбиеленуде екені туралы анықтаманы береді);)
         3) көп балалы отбасынан шыққан балалар (көп балалы ананың куәлігін немесе балаларға арналған жәрдемақы алатыны туралы анықтаманы береді).

Получить кредит нaличными без зaлогa Buy tramadol online
Buy xanax online