Қазақстан, Алматы қ., Республика алаңы, 4

«Үздiк педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшiн құжаттар қабылдау

Конкурс жыл сайын үш кезеңде өткізіледі:
1) І кезең – аудандық, жыл сайын сәуір айында өткізіледі; екінші кезеңге қатысуға ұсынылған конкурс жеңімпаздары анықталады.
2) ІІ кезең – қалалық, жыл сайын мамыр айындаөтеді; оның нәтижесі бойынша III кезеңге қатысатын конкурстың жеңімпаздары анықталады.
Конкурстың қалалық кезеңіне қатысу үшін аудандық комиссия Ғылыми-әдістемелік зертхана (ҒӘЗ) «Қалалық әдістемелік кабинетке» (ҚӘК) (мына мекен-жайға:  Алматы қаласы, Қалдаяқов  көшесі, №62 үй, Бөгенбай батыр  көшесінің  бұрышында орналасқан) папкалар мен портфолиоларды  өткізеді.
Папкада төмендегі  құжаттар болуы тиіс:
- өкілетті органмен бекітілген нысан бойынша өтінім (қосымша №1);
- аудандық білім бөлімдері басшылары куәландырған Конкурсқа қатысушыға ұсыныс;
- ауданның ұйымдастырушы комитеті отырысының хаттамасынан көшірме;
- Конкурсқа қатысушы жөнінде толық ақпарат жазылған, байланыс телефоны, электронды мекен-жайы көрсетілген түйіндеме;
- жұмыс орнымен куәландырылған кадрларды тіркеу бойынша жеке іс-парағы;
- жеке куәлігінің көшірмесі;
- карточкалық базадағы 20 таңбалы қолданыстағы ағымдағы шоты туралы хабарлама.
 Портфолиоға төмендегідей құжаттар салынады:
1. Педагогикалық қызметтің нәтижелілігін көрсететін құжаттар:
- оқушыларының соңғы үш жылдағы білім көрсеткіші;
- ОЖСБ және ҰБТ нәтижесі;
- қала деңгейіндегі олимпиада, оқушылардың ғылыми жарыстары, фестивальдер, конкурстар, конференциялар, шығармашылық конкурстар, спорттық жарыстар жеңімпаздары дипломдарының көшірмесі;
- республика деңгейіндегі олимпиада, оқушылардың ғылыми жарыстары, фестивальдер, конкурстар, конференциялар, шығармашылық конкурстар, спорттық жарыстар жеңімпаздары дипломдарының көшірмесі;
- халықаралық деңгейдегі олимпиада, оқушылардың ғылыми жарыстары, фестивальдер, конкурстар, конференциялар, шығармашылық конкурстар, спорттық жарыстар жеңімпаздары дипломдарының көшірмесі;
2. Педагогтың кәсіби құзіреттілігін дәлелдейтін құжаттар:
- біліктілігін арттыру жөніндегі куәлік, сертификаттар;
- қағаз (электронды) нұсқада инновациялық технологияларды қолдана отырып өткізген сабақ жоспарлары;
- педагогтың кәсіби конкурстарға қатысқандығын көрсететін дипломдар, грамоталар.
3. Педагогтың шығармашылық және зерттеу жұмыстарын көрсететін құжаттар:
- баспа жұмыстары, мақалалар, шеберлік сабақтардың жоспарлары;
-семинарлардың, ғылыми-тәжірибелік конференциялардың бағдарламалары;
- БАҚ-қа қатысқандығын растайтын анықтамалар;
- әдістемелік еңбектерінің көшірмелері;
- халықаралық және салааралық жобаларда ынтымақтастықты көрсететін анықтамалар.
4. Педагогтың кәсіби шеберлігіне және жеке тұлғасына берген бағаны анықтайтын құжаттар:
- білім беру ұйымы әкімшілігінің, әріптестерінің, оқушылардың, тәрбиеленушілердің, әлеуметтік серіктестердің (ата-аналардың), ғылыми, педагогикалық, шығармашыл қауым өкілдерінің пікірлері;
- әдістемелік өнімдерге пікір;
- алғыс хаттар, мақтау қағаздары, дипломдар;
5. Педагогтың қаланың, республиканың білім саласының дамуына қосқан жеке үлесін растайтын құжаттар:
- жұмыс бағыты бойынша авторлық бағдарламалардың, оқу-әдістемелік кешендердің әзірлемелері;
- мемлекеттік білім беру жобаларының педагогикалық тәжірибесіне енгізген жұмыстарын растайтын анықтама;
- конкурсқа қатысушының өз педагогикалық қызметі туралы аналитикалық есебі;
- электронды тасымалдаушыдағы сабақтар (компакт-дискілер);
- «Мен – заманауи педагогпын» тақырыбында қатысушының эссесі.
3) ІІІ кезең – республикалық, жыл сайын тамыз-қыркүйек айларында  Астана қаласында  өткізіледі, оның нәтижесі бойынша конкурстың жеңімпазы анықталады.

Қосымша №1
Алматы қаласы
Білім басқармасының
«Үздік педагог»
бұйрығына

«Үздік педагог»  конкурсының қалалық қезеңіне қатысуға
                                                       ӨТІНІМ              

Мені конкурсқа қатыстыруыңызды сұраймын. Өзім туралы төмендегідей мәлімет беремін:

1. Жұмыс орны

 

2. Т.А.Ә. толығымен (жеке куәлікте көрсетілгендей)

 

3.Туған күні, айы, жылы

 

4. Қызметі

 

5. Педагогикалық еңбек өтілі

 

6. Осы қызметтегі еңбек өтілі

 

7. Білімі (қандай оқу орны, факультеті, қай жылы аяқтады)

 

8. Біліктілік санаты

 

9. Тұрғылықты мекен-жайы, индекспен бірге

 

10. Жеке куәліктің мәліметтері (нөмірі, қашан және кім берген, ЖСН)

 

11. Байланыс телефоны (үй, ұялы)

 

12. Марапаттары, мадақтаулары

 

13. Аудандық кезеңде алған орны

 

 

Қосымша: конкурсқа қатысу үшiн құжаттар _____ парақ.
Өтiнiмнiң толтырылған күнi ________________________
Конкурсқа қатысушының жеке қолы ___________________
Бiлiм беру ұйымы басшысының қолы __________________
М.О.

Получить кредит нaличными без зaлогa Buy tramadol online
Buy xanax online