Қазақстан, Алматы қ., Республика алаңы, 4

21 тамыз. Алматыда білім беру әлеуметтік саланың басты тармағы болып табылады – білім қызметкерлерінің тамыз кеңесі

 

Әкім кеңесте сөйлеген сөзінде білім саласын қаржыландырудың жыл санап арта түскендігін қадап тұрып айтты. Тек соңғы бес жыл ішінде ғана бұл сала бюджеті екі есеге артты.

«Алматыда білім беру - әлеуметтік саланың басты тармағы. Үстіміздегі жылы оны дамыту үшін 57 млрд. теңгеден астам қаржы жұмсалды, яғни қала бюджетінің 20% - ы. Қаржының бұл ауқымы еліміздің жекелегн облыстарының бюджетін құрайды. Биыл Ұлттық Бірыңғай Тестілеу өзінің он жылдық мерейжасын атап өтті. Соңғы екі жыл қатарынан біздің қаламыз тестілеуде республика бойынша бірінші орында келеді. Ағымдағы жылы ҰБТ қала бойынша 87,3 баллдық көрсеткішке жетіп, орташа республикалық көрсеткіштен 12,8 баллға жоғары болды, - деді Ахметжан Есімов.

Қала басшысы мұғалімдердің жалақысын көтеру мәселесін тағы да көтерді. Бұл мәселені қала басшылығы орталық органдар алдына жиі қоюда, өзге өңірлерге қарағанда алматылық ұстаздар жалақысы жоғары болуы тиіс. Өйткені, Қазақстанның ең ірі мегаполисінің әлеуметтік- экономикалық өсу деңгейі жоғары.

Әкім мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыруға кеңінен тоқталды. Қазіргі алмағайып заманда ұялы телефон арқылы үлкен бір кітапхана қызметін атқаруға немесе жоғары матетматика курсын шешуге болады, демек, мұғалім баланы ақпаратпен жұмыс істеуге , оны талдай білуге үйретуі тиіс.

Ахметжан Есімов қала әкімдігінің кәсіптік лицелердегі сырттан келген оқушылар үшін мақсатты трансферттер бөлу жөнгінде БҒМ-не ұсыныс жасайтындығын жеткізді.

«Жүргізілген мониторингтің қорытындысы бойынша кәсіптік лицейлерде оқитындардың 40%-ға жуығы - сырттан келген студенттер. Бұл түсінікті, өйткені Алматының білім деңгейі жоғары. Тәжірибе көрсеткеніндей, оқуын аяқтаған соң олар өз өңірлеріне аттанады.Сондықтан БҒМ алматылық кәсіби лицейлерді қосымша қаржыландыру механизмін қарастырғаны жөн», - деді Алматы әкімі.

Қала басшысы қаржыны орталықтандырмай, мектеп жөндеу мен басқа да жұмыстарға жұмсалатын қаржыны мектеп директорларына сеніп тапсыру қажеттігін ұсынды. Мұнда Білім басқармасы ата аналар тарапынан бөлінген бақылаушылармен бірге қаржының қалай жұмсалып жатқандығын қадағалаулары тиіс екендігін айтты.

Кеңес соңында қала әкімі білім саласының үздік қызметкерлеріне ескерткіш сыйлықтар табыс етті.

Президенттің халыққа жолдауы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 

Мемлекеттік рәміздері

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері

Президенттің ресми сайты

Президенттің ресми сайты

Получить кредит нaличными без зaлогa Buy tramadol online
Buy xanax online