Қазақстан, Алматы қ., Республика алаңы, 4

17 маусым. Алматы мектептерінің 6810 түлегі «Кәмелеттік аттестатын» алды

17 маусым. Алматы мектептерінің 6810 түлегі «Кәмелеттік аттестатын» алды. Алматыда жалпы орта білім беретін мектеп түлектерінің жыл сайынғы дәстүрлі «Жас түлек» фестивалі өтті. 

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек 254 түлекті «Алтын белгімен» марапаттады. Биыл жалпы орта білім туралы аттестатты Алматы мектептерінің 6810 түлегі алды. Шаһар басшысы жиналғандарды оқудың аяқталғанымен құттықтап, оқушылардың ҰБТ тапсырудағы жетістіктерін атап өтті. Алматы осымен бесінші рет Қазақстандағы ең үздік орта білім беретін қала атанып отыр. Қалада ҰБТ балының орташа көрсеткіші 96,2 балл болса, республика бойынша орташа көрсеткіш 81,2 балл деңгейінде.
«Биыл «Алтын белгіге» үміткер 297 алматылық түлектің 254-і немесе 85,5% өздерінің білімдерінің жоғары екендігін растағанын аса мақтанышпен атап айтуыма болады. Сонымен қатар біздің 6 түлегіміз ең жоғарғы көрсеткіш - 125 балл жинап, рекорд жасады. Республика бойынша жалпы 19 түлек осындай ең жоғарғы балл жинаса, олардың үштен бірі біздің қаламыздың оқушылары. Осымен бес жыл қатарынан біздің оқушыларымыз ҰБТ нәтижесі бойынша республикада бірінші орын алуда. Бұл күнге сендер 11 жыл бойы талмай еңбектеніп, көптеген нәрселерден бас тарта отырып жеттіңдер. Сендердің еңбектерің зая кетпеді, сендер аса құнды әрі тұрақты капитал – білімге ие болдыңдар»,- деді Б. Байбек.
Сонымен, биыл қала әкімінің сыйақысын қаладағы 10 мектептің үздік педагогикалық ұжымы алатын болады. Өткен жылы білім беруде жоғарғы көрсеткішке жеткен 1,5 мың жас педагог пен 500 үздік педагог сыйақы алған болатын.
Естеріңізге сала кетейік, Алматыда түлектердің 86% «Алтын белгіге» лайық екендіктерін дәлелдеді, ал республика бойынша бұл көрсеткіш – 51,6%. Яғни, әрбір екінші алматылық түлек 100 балдан жоғары жинаса, оны – 124 балл, ал 6 түлек үздік нәтиже - 125 баллдан мүмкін болатын 125 балл жинады, олар: Маткалиева Динара Маратқызы - №12 мамандандырылған гимназия, Мейрханова Аружан Ерланқызы, Оспанова Рамзия Рамазанқызы - №159 гимназия, Мазамбетов Қалдыбек Ибрагимұлы - №169 мектеп-лицей, Мұхамедқали Еркежан Дүйсенқызы - № 175 «Жаңа Ғасыр» гимназиясы, Түгелбай Фариза Абайқызы - № 178 лицей.
«Жас түлек» фестивалі мектеп бітіруші түлектердің вальсі мен қазақстан эстрадасы жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарламасына ұласты.

Президенттің халыққа жолдауы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 

Мемлекеттік рәміздері

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері

Президенттің ресми сайты

Президенттің ресми сайты

Получить кредит нaличными без зaлогa Buy tramadol online
Buy xanax online