Қазақстан, Алматы қ., Республика алаңы, 4

25 мамыр. Алматы мектептерінің 6773 түлектері үшін «Соңғы қоңырау» соғылды

Бүгін кезекті оқу жылының аяқталуына орай Алматы мектептерінің 6773 түлектері үшін «Соңғы қоңырау» соғылды. Алматы әкімі Бауыржан Байбек Түрксіб ауданындағы №83 мектеп-гимназияның салтанатты жиынына қатысты. Сексен жылдығын атап өтетін аталған білім ошағы сонау 1936 жылы ашылған болатын.

Оқушыларды, ұстаздар мен ата-аналарды оқу жылының аяқталуымен құттықтаған қала басшысы еліміздің болашағы жастардың қолында екендігін қадап тұрып айтты.

«Естеріңде болсын, заманауи әлемде табыстың кілті терең білімде, табандылық пен жаңалықты дер кезінде сезіне білуде. Сонда ғана сіздер бәсекеге қабілетті, нағыз жеке тұлғаға айналасыңдар. Президентіміз Н.Ә.Назарбаев бәсекеге қабілетті, дамыған мемлекетіміз жөнінде әрі 2050 жылы әлемнің жетілген 30 елінің қатарына енуіміз туралы жиі айтады, бұл - зор міндет, дегенмен дарынды, білімді жастарды көрген сәтте біз оның жүзеге асатындығына сенімдіміз!», - деді Б.Байбек.

Атап өтерлік жайт, 1999 жылы № 83 мектепке эстетикалық бағыттағы гимназия мәртебесі берілген. 2015-2016 оқу жылдары аталған білім ошағында 2056 оқушы дәріс алды, олардың 303-і бірінші сынып, 46-сы 11 сынып оқушылары. Бұларға 236 мұғалім сабақ берді. Жалпы, қалада 201 мектеп бар, бұларда 1-11 сыныптың 201 963 оқушысы білім алды.

Қала әкімі өзінің сөзінде Алматыда сапалы білім мен саналы тәрбие алу үшін мектептерде барлық жағдайлардың жасалғандығын жеткізді. Мысалы, соңғы 5 жыл ішінде білім саласын қаржыландыру 2 есе өскен. Егер 2010 жылы білім жүйесіне 29,8 млрд. теңге бөлінсе, 2016 жылы бөлінгені 57,5 млрд.теңге.

Білім саласының нысандары жиі салынуда. 2011 жылдан бері қарай қалада 12 жалпыбілім беретін мектеп пайдалануға берілген. Оның 10 - ы қазақ тілінде оқытады. Соңғы 5 жыл ішінде қазақ тілінде оқытатын мектептер саны 13 бірлікке артып, 50 ден 63-ке жетті. Қазақ тілінде оқитын к онтингент қатары 26500 адамға (69144 тен 95665 адамға) өсті.

Бауыржан Байбек мектеп түлектеріне Ұлттық бірыңғай тестілеуді ойдағыдай тапсырып, биыл да үздік нәтижеге жетуді тіледі. Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласының командасы жыл сайын республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобаларда көшбасшы болуды. Мысалы, 2016 жылы Алматы қаласының командасы жалпы білім беретін пәндер бойынша өткен республикалық олимпиадада 11-ші рет, республиканских ғылыми жарыстарда 14-жыл қатарынан,11-ші сынып оқушылары арасында өткен Президенттік олимпиадада (математика, физика, химия, биология пәндері бойынша) 3-ші жыл қатарынан бірінші орындарды иеленіп келеді.

Президенттің халыққа жолдауы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 

Мемлекеттік рәміздері

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері

Президенттің ресми сайты

Президенттің ресми сайты

Получить кредит нaличными без зaлогa Buy tramadol online
Buy xanax online