Қазақстан, Алматы қ., Республика алаңы, 4

12 мамыр. Алматылық 77 оқушы «Үркер» төсбелгісімен марапатталды

Бүгін Қабылдау сарайында 2015-2016 оқу жылдары жалпы пәндер бойынша халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары атанған Алматы қаласының мектеп оқушыларын «Үркер» төсбелгісімен марапттау рәсімі өтті.

Шара барысында қала әкімі Бауыржан Байбек лайықты марапатқа ие болған жоғары сыныптың 77 оқушысын құттықтап, мектеп оқушыларының тек республикалық қана емес, халықаралық аренада да қала беделін көтеруге зор үлестерін қосып жүргендіктерін ерекше атап өтті.

«Біздің Елбасымыз адами капиталдың кең қанат жаюына ерекше мән береді. Дарынды жастар үшін арнайы «Болашақ» бағдарламасы жасалды. Бүгінгі күні Алматының білім беруде барлық көрсеткіштер бойынша алда келе жатқандығын мақтаныш тұтамыз. Бұл сөз жоқ ата- аналар мен педагогтардың орасан еңбектерінің жемісі. Міне, алматылық оқушылар республикалық олимпиадада 11 жыл, математика, физика, химия пәндері бойынша Президенттік олимпиадада 3 жыл, оқушылардың республикалық ғылыми жарыстарында 14 жыл қатарынан командалық бірінші орында келеді», - деп атап өтті әкім.

«Үркер» белгісін 77 жүлдегер алды, олар қазақ -түрік лицейінің, № 126, № 165, №105, №140 және Әл Фарабаи атындағы кәсіби мектептің оқушылары. Жалпы «Үркер» төсбелгісі 61 оқушыға, құрмет грамотасы 16 оқушыға берілді.

Атап өтерлік жайт, «Үркер» төсбелгісімен марапаттауға биыл 8 жыл толып отыр. «Үркер» Алматының символы алма бейнсінде жасалған жеміс ағашы іспеттес. Оның жемістері үркер жұлдыздары секілді шашырай орналасқан. Бұл жарық жұлдыздай болып жанатын дарынды балалардың келбетін көрсетеді. Ал марапттың арнайы көшпелі символы зияткерлік жарыстарда марапаттарға көп ие болған қазақ- түрік лицейінде биыл тағы да қалды. Яғни, 77 жүлдегердің 16 оқушысы осы білім ошағынан.

Шара барысында ұстаздар мен ата- аналар да марапатталды.

 

Президенттің халыққа жолдауы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 

Мемлекеттік рәміздері

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері

Президенттің ресми сайты

Президенттің ресми сайты

Получить кредит нaличными без зaлогa Buy tramadol online
Buy xanax online