Қазақстан, Алматы қ., Республика алаңы, 4

Алматы қаласындағы 3 ашық чемпионаты


2016 жылғы 29 сәуірде Алматыда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы мен Алматы қаласы білім басқармасы бірлесе ұйымдастырған балалардың ғылыми-техникалық шығармашылығын дамыту мәселелері бойынша Республикалық үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы өткізілді.

Отырыс жұмысына Қазақстан Республикасы білім және ғылым, инвестициялар және даму министрліктері, облыстар мен қалалардың әкімдіктері, үкіметтік емес ұйымдар, бизнес құрылымдар, Алматы қ. білім беру ұйымдары, Алматы қаласындағы АҚШ консулдығының өкілдері қатысты.
Үйлестіру кеңесінің отырысын ҚР БҒМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының директоры Шер Раиса Петровна ашып, талқылауға ұсынылған негізгі тақырыптармен таныстырды.
Отырыс барысында ғылыми-техникалық шығармашылықты дамытудағы заманауи үрдістер, Қазақстандағы мектептік және студенттік технокәсіпкерліктің проблемалары мен даму келешегі, оқушылардың кәсіпкерлік ойлау қабілетін дамыту мәселелеріне айрықша назар аударылды.
Төменде көрсетілген тұлғалар өскелең ұрпақтың ғылыми-техникалық шығармашылығын дамыту бойынша өз көзқарасымен бөлісті:
АҚШ консулдығының баспасөз, мәдениет және білім беру мәселелері бөлімінің Орталық Азиядағы ақпараттық ресурстар бойынша аймақтық кеңесшісіКэтрин Марсичек «АҚШ-та Maker Space бағдарламасының дамуы (Maker Space program in the USA)» тақырыбында;
«Microsoft» компаниясының білім секторы бойынша менеджері Рахымжанова Жанар «Білім беруге арналған Майкрософт бағдарламалары мен өнімдері» тақырыбында;
«LovetoCode» балаларға арналған бағдарламалау мектебін қалаушылардың бірі Ткаченко Алена «Қазақстандағы балалардың IT-білімі туралы 5 аңыз» тақырыбында;
«Қазақстандық жобаларды басқару институты» Қоғамдық қорының президенті Затолокин Владимир Ильич «Қазақстандағы мектептік және студенттік технокәсіпкерліктің проблемалары мен даму келешегі» тақырыбында;
Астана қ. «Технологиялық даму бойынша ұлттық агенттік» АҚ Құзыреттілікті дамыту орталығы директорының орынбасары Түменбаев Мұхтар Жақсылықұлы «Ұлттық инновациялар конкурсы» (2015 жылдың нәтижелері және конкурсты 2016 жылы өткізу) тақырыбында;
Қазақстандық интернет-бизнес және мобильді коммерция қауымдастығының президенті Горожанкин Константин Иванович «Қазақстанның стартап-индустриясы: өткені, қазіргі жағдайы және даму болашағы» тақырыбында;
«КазРоботикс» «Қазақстандық білім беру және спорттық робототехника Федерациясы» РҚБ президентінің м.а. Жекеева Айжан Ахметжанқызы «КазРоботикс» - KazRoboSport чемпионаты KazRoboProject конкурсы» федерациясының іс-шаралар мәнмәтініндегі білім беру және спорттық робот техникасының даму келешегі» тақырыбында;
«Білім – Орталық Азия» білім беру орталығының атқарушы директоры Горбунова Лариса Дмитриевна «Менің таңдауым ­- Болашақ» жобасы» Алматы қ. жоғары сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру» тақырыбында.
Үйлестіру кеңесінің жұмысына халықаралық сарапшылардың онлайн режимде қатысуы отырысқа қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды:
Израиль мемлекеті: Израиль, Тель-Авив қ. CodeMonkey компаниясын құрушылардың бірі және бас директоры Джонатан Шор «Бастауыш сынып оқушыларын бағдарламалауға үйрету» тақырыбында;
Индия республикасы (Бомбей қ.): EDUPRIME компаниясының өкілі Крупеш Шах «Білім берудегі технологиялар» тақырыбында;
Ресей Федерациясы (Томск қ.): Томск қ. «Жастардың ашық университеті» қосымша кәсіптік білім беретін дербес коммерциялық емес ұйымының директоры  Дмитриев Игорь Вячеславович «Зияткерлік экономикасы» бағдарламасы» балаларды ерте жастан ғылыми-техникалық және инженерлік шығармашылыққа тартудың бірегей жүйесі ретінде» тақырыбында.
 Жарыссөзге қатысқандар келесі мәселелер бойынша ой бөлісті:
- Білім беру ортасына робот техникасын және  техникалық шығармашылықты енгізу – Жиенбаев Ерұлан Әсентайұлы, Махатма Ганди ат. №92 мамандандырылған лицейдің директоры;
- Халықаралық ынтымақтастық форматында орта білім беруде инновациялық технологияларды қолдану - Карамендинова Гүлнара Мауытқанқызы, №54 мектеп-гимназияның директоры.
Үйлестіру кеңесі жұмысының соңында қорытынды ұсынымдар әзірленді.
Үйлестіру кеңесінің қатысушыларына «EXPO 2017» ұштастырылған ғылыми-техникалық және робот техникасы бойынша III Ашық чемпионаттың көрмесін көруге мүмкіндік берілді.
Чемпионат Алматы қаласындағы Оқушылар сарайында өтті. Оған 5 ЖОО, 11 колледж, 32 мектеп және Алматы, Ақтөбе, Ақмола облысы, Жаңа өзен, Қарағанды қалаларының 8 мектептен тыс ұйымдарынан барлығы 199 команда қатысты.
Чемпионат үш бағытта өткізілді:
1. Робот техникасы.
2. Инженерлік шығармашылық жоба.
3. Энергия үнемдеу технологиясы.
Қатысушылардың жас ерекшелігі:

  1. 7 жастан 13 жасқа дейін;
  2. 14 жастан 18 жасқа дейін;
  3. 18 жастан 22 жасқа дейін.

Чемпионатқа ұсынылған жұмыстарды Қ.И. Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің, Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол академиясының, бизнес құрылымдарының, қоғамдық ұйымдар мен басқа да құрылымдардың өкілдерінен тағайындалған әділқазылар мүшелері бағалады.
Чемпионаттың жеңімпаздары I, II, III дәрежелі Дипломдармен марапатталды.
Дипломнан басқа чемпионаттың Бас жүлдесі, 6 ынталандыру жүлдесі және демеушілердің атынан арнайы жүлде тағайындалды.
Чемпионаттың бас демеушісі Microsoft компаниясы болды. Сонымен қатар Bilimmediagroup  и  3D Lab компаниялары да демеушілік жасады.
Оқушылардың ғылыми-техникалық шығармашылық және робот техникасына қызығушылығын арттыру мақсатында көрме жәдігерлерін көруге мектеп оқушылары шақырылды.
Чемпионат барысында төмендегі тақырыптар бойынша шеберлік сабақтар ұйымдастырылды:

  1. Смартфондарды бағдарламалау (Apple, Android).
  2. Lego робот техникасы.
  3. 3d-баспа және дизайн, Arduino робот техникасы.
  4. Фото- және бейнематериалдарды өңдеу.
  5. Интернет-кәсіпкерлік.
  6. Толықтырылған шынайылық (3D).

Шеберлік сабақтары мен көрмеге қаланың барлық аудандарынан шамамен 1000 оқушы келді.

 

Президенттің халыққа жолдауы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 

Мемлекеттік рәміздері

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері

Президенттің ресми сайты

Президенттің ресми сайты

Получить кредит нaличными без зaлогa Buy tramadol online
Buy xanax online