Қазақстан, Алматы қ., Республика алаңы, 4

2013 жылдың тамыз кеңесі тезистері

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрлігінің 2013 жылғы республика өңірлері
педагогикалық қызметкерлерінің тамыз кеңестеріндесөйлейтін сөздерінің материалдары

Құрметті әріптестер, шақырылған қонақтар
және тамыз педагогикалық кеңесіне қатысушылар!

Сіздермен бүгін Ұстаздардың тамыз кеңесінде, әсем қала Қостанайда жүздесудің сәті түскеніне қуаныштымын. Жыл сайын дәстүрлі түрде жаңа оқу жылының қарсаңында өткізілетін осынау алқалы жиынды барлық мұғалімдер асыға күтеді деп ойлаймын. Өйткені тамыз кеңестерінде жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқытудағы ұстаздарды толғандырған өзекті мәселелер талқыланып, алдағы оқу жылы барысында оларды шешудің жолдары, еліміздің білім беру жүйесінің негізгі даму бағыттары айқындалады.
Сіздерді және осы өңірдің барлық ұстаздар қауымын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын!
Құрметті әріптестер! Өзінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Ұлт Көшбасшысы Н.А.Назарбаев басты міндетті белгіледі:
«Қазақстан ХХІ ғасырдың басында тәуелсіз әрі өзіне сенімді болып отыр. Біздің ендігі міндетіміз–егемендік жылдары қол жеткізгеннің барлығын сақтай отырып , ХХІ ғасырда орнықты дамуды жалғастыру».
Біз бүгін әлемдік кеңістікке кіріккен шынайы ашық қоғам жағдайында өмір сүрудеміз. Қазіргі кезде білім беру саласына деген жаңа көзқарасты, сонымен қатар біздің өміріміздің осындай аса маңызды саласындағы басты тұлға - Мұғалімге деген жаңаша қарым-қатынасты талап ететін білім берудің түбегейлі жаңа сұраныс құрылымы қалыптасты.
Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында заманауи білім беруге қойылатын талаптар тұжырымдалған. Бүгін біз сандық көрсеткіштерден білім берудің барлық деңгейіндегі сапалық дамуға бет бұрдық.
Балаларды мектепке дейінгі оқыту және тәрбиементолық қамтылуын қамтамасыз ету үшін ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен 2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» Бағдарламасы қабылданды. Қазіргі кезде Бағдарлама кестесі мерзімінен бұрын орындалып: сәбилерді мектепке дейінгі тәрбиемен қамту – 71,5%-ға жетті. Бұл көрсеткішті 100%-ға жеткізу мақсатында Елбасының тапсырмасымен Бағдарламаның орындалуы 2020 жылға дейін ұзартылды.
«Балапан» Бағдарламасын жүзеге асыру барысында мектепке дейінгі ұйымдар желісінің өсімі 4 мыңнан асқан. Жекеменшік балабақшаларжелісі екі есе өсті. Мектепке дейінгі ұйымдардың қарқынды өсуіне мемлекеттік-жекеменшік серіктестік пен жан басына қаржыландыру әдісін енгізу түрткі болды.
Қазіргі кезде 3-6 жастағы балаларды қамту өткен жылға қарағанда 6,1%-ға өсіп, 71,5%-ға жетті (2011 – 65,4%), 1 ден 6 жасқа дейін – 48,2%-ды құрады.
Бұл саладағы ең жоғарғы көрсеткіштер: Қостанай (100%), Қарағанды (97,8%), Павлодар (95,6%), Батыс-Қазақстан (95,3%) облыстарында.
Демографиялық ахуалға байланысты ең төменгі көрсеткіштер Алматы (55,9%), ОңтүстікҚазақстан (58%) облыстарында, Алматы (53,1%), Астана (62,4%) қалаларында орын алып отыр.
2013 жылғы жартыжылдықта балабақшалар желісі 139 бірлікке ұлғайды (94 балабақша, 45 шағын орталықтар).
Республикадағы мектепке дейінгі білім беру жайына жасалған талдамамектепке дейінгі мекемелерде үш тілділік (қазақ, орыс, ағылшын) жүйесін жаппай енгізу мүмкіндігін болжалдап отыр.
Қазіргі таңда бұл бағытта жұмыс басталды. Тілдерді ерте үйретудің тәжірибе алаңы ретінде 200 балабақша таңдап алынды.
Орта білім. Әлемдік білім беру кеңістігіне кірігудің стратегиялық мәселелерінің бірі 12 жылдық оқыту үлгісіне көшу болып табылады. Бұл жоба 2015-2016 оқу жылынан бастап іске қосылады. Бүгінгі таңда халықаралық және Назарбаев Зияткерлік мектептері тәжірибесінің негізінде 12 жылдық мектеп қызметінің тұжырымдамалық тәсілдері айқындалды.
12 жылдық білім беруге көшуге дайындық үш негізгі бағытта жүзеге асырылуда:
Бірінші бағыт. Білім беру мазмұнын жаңарту.
Халықаралық және Назарбаев Зияткерлік мектептерініңтәжірибелері негізінде бастауыш, негізгі орта және жалпы орта 12-жылдық білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарттар жобасы жасалды.
PISA, TIMSS, PIRLS халықаралық зерттеулері негізіндеоқушылардың функциялық сауаттылығын дамытуды ескере отырып, оқу бағдарламалары және оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеу қолға алынды.
Екінші бағыт. Кадрларды даярлау мен 12-жылдық мектеп мұғалімдерінің біліктілігін арттыру.
Бүгінгі таңда мектептерде 292064 мұғалім жұмыс істейді, оның ішінде 1181-магистранттар. Бейінді мектептердің ашылуына байланысты магистранттарға қажеттілік– 8227 адам (БМ мұғалімдерінің жалпы санынан 10%).
Осыған байланысты магистратураға мемлекеттік тапсырыс көлемі 745-тен 1182-ге артты.
Үшінші бағыт.Білім беру ұйымдарының материалды-техникалық базасын жаңарту.
Қазіргі кезде 6438 негізгі және орта мектептердіңпәндік кабинеттері мен шеберханалары бар: физика – 5112 мектеп, химия – 4650, биология – 4518, әмбебап оқу шеберханалары – 4247. Барлығы ОӨШ (оқу-өндірістік шеберхана) – 761 (қала – 173, ауыл - 588).
2013 жылы тағы 570 химия кабинеттерін сатып алу жоспарланып отыр.
2013-2014 оқу жылының 1 қыркүйегінен бастапелімізде ағылшын тілін бірінші сыныптан бастап оқыту енгізіледі. Бұл көптілде білім беруді енгізудің бірінші кезеңі болмақ.
Электронды оқытуды енгізу,қазірдің өзінде 581 мектеп қосылған «E-learning»жобасын дамыту ойдағыдай жүргізілуде, 2013 жылдың соңына дейін жобаға тағы 578 ұйым қосылатын болады.
Астана қаласының мектептерінде бұл көрсеткіші 2012 жылдың өзінде 37,15%-дықұрады.
E-learning жүйесін енгізудің айтарлықтай жоғары көрсеткіштеріне Алматы қаласының (19,89%), Қарағанды (10,26%) және Павлодар (10,47%) облыстарының мектерінде қол жеткізілген.
2012 жылы 7384 республика мектептерінің компьютерлік техникамен жабдықталуы 221 030 бірлікті (100%) құрады.
Сонымен бірге, 21,2 % (46 940) компьютерді ауыстыру қажет.
Уровень обеспеченности доступа к интернет общеобразовательных школ составляет 99,4%.
Ғаламторға шығу мүмкіндігінің салыстырмалы талдауы жалпы орта білім беру деңгейі барынша қамтамасыз етілгенін және бұл көрсеткіш 99,4%-ға жеткенін көрсетті.
Қазіргі кезде бір компьютерге 13 оқушыдан келеді, мектептердің 50%-ы кеңжолақты ғаламторға шығу мүмкіндігіне ие.
Халықаралық тәжірибені зерделеу электронды оқытуды енгізу арқылы оқушылардың үлгерімін 15% дан 20%-ға дейін арттыруға боларын байқатады. Мысалы, АҚШ-та бұл көрсеткіштің білім берудің барлық деңгейінде орташа есеппен 60- тан 65%-ға дейін жеткенін дәлелдейтін бірқатар зерттеулер бар.
2012 жылдың нәтижесі бойынша республикада 2 493 479 оқушыны қамтитын ҚР БҒМ қарасты 7402 мектеп жұмыс істеді. Соңғы екі жылда 184 жаңа мектеп (2011 жылы – 68, 2012 жылы – 113 мектеп) пайдалануға берілді.
Орта білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету және сапасын арттыру үшін республиканың жалпы орта білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасы нығайтылуда.
2012 жылдың 1 қазанына қарай республиканың 3202 (49,7%) негізгі және орта мектептері жаңа модификациялы физика кабинеттерімен, 1900 (29,5%) – химия кабинеттерімен, 2553 (39,7%) – биология кабинеттерімен қамтамасыз етілді.
3898 мектепте қазақ, орыс және ағылшын тілдерін оқытуда пайдаланылатын мультимедиалық лингофондық кабинеттер бар.
Жаңа модификциялы пәндік кабинеттер мен қамтамасыз етудің Республикалық деңгейі - 39,6%, одан төменгі көрсеткіштер: Ақмола облысы бойынша – 24,5%, Алматы облысы – 27,6%, Жамбыл – 20%, Қарағанды – 35,9%; Қостанай – 34,7%, Қызылорда – 29,4% құрайды. Батыс Қазақстанда – 31,3 %.
Апаттық жағдайдағы мектептердің саны азаюда. Апаттық мектептер проблемасын республикалық және жергілікті бюджет есебінен шешу арқылы олардың саны 254 ұйымнан 189-ға (мектептердің жалпы санынан алғанда 2,5%) қысқарған.
Алайдаекі жылдың ішінде үш кезекті мектептердің саны сегіз бірлікке артты. Бүгінгі таңда 92 (1,2%) мектеп үш кезекте оқиды.
Үш кезекті мектептердің көбі Алматы (50), Ақтөбе (6), Қызылорда (7), Маңғыстау (6), Оңтүстік-Қазақстан (4), Жамбыл (4) облыстарында және Астана қаласында, т.б.
Құрметті әріптестер! Дарынды балаларды қолдау бағдарламасы жоғары және тұрақты нәтижелерге қол жеткізген, интеллектуалды іс-әрекетке бейім әрі қабілетті дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептер желісін дамыту арқылы жүзеге асырылады.
Біздің оқушыларымыздың әр түрлі пәндік олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда жеңіске жетуі қазақстандық білім беру жүйесінің әлемдік деңгейде танылуының көрінісі және оның сапакөрсеткіштерінің бірі болып табылады. 2012 жылдан 2013 жылғы 1 тамызға дейінгі мерзімде Қазақстанның оқушылары халықаралық олимпиадалар мен жарыстарда 1778 жүлденің иегері атанды:
(алтын медаль – 338, - күміс – 575, қола – 816, мақтау қағазы - 49).Соңғыбес жылда әлемдік деңгейдегі 4181 жүлдені жеңіп алды.
Президентіміздің бастамасы бойынша қабылданған бірегей «Болашақ» бағдарламасы арқылы қазақстандық мыңдаған дарынды жастар әлемнің таңдаулы университеттерінде сапалы білім алуда.
Мемлекеттұрғындар саны шағын елді мекендерде тұратын балалардың тегін бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім алу құқығын қамтамасыз ету үшін шағын комплектілі мектептер (ШКМ) қызметіне қодау көрсетуде.
Республикалық жалпы орта білім беру ұйымдарының 56%-ынқұрайтын, 49 893 (15,4%) оқушы білім алатын 4145 шағын комплектілі мектептер желісін дамыту елімізде мектептік білім берудің қол жетімділігін көрсетеді.
Олардың ішінде типтік ғимаратта орналасқаны – 2 386 ШКМ (57,6%).
Асханамен қамтылғаны – 62,4%, спортзалмен – 59%, физика, химия және биология кабинеттерімен – 59% құрайды.
Бейімделген ғимараттарда –1759 ШКМ (42,4%) орналасқан.
Қазіргі кездежақын жерде орналасқан шағын комплектілі мектеп оқушыларыныңқысқа мерзімді сессиялық сабақтарын, аралық және қорытынды аттестаттауын өткізу мақсатында 203 ШКМ-дің білім беру ресурстарын шоғырландырған 59 ресурстық орталық –тірек мектептер қызмет атқарып отыр.
2020 жылға қарай 160 ресурстық орталық ашылады.
Алдағы кезде: 2353 орта ШКМ негізгі ШКМ болып қайта ұйымдастырылмақ.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бойынша мамандықтар Жіктемесіне ШКМ үшін кадрлар даярлау ерекшеліктерін ескере отырып толықтырулар енгізілуі тиіс (мұғалімдер екі пән бойынша мамандандырылған Финляндия тәжірибесі,).
11 жылдықмектептің жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті жаңа стандартында (МЖБС) ақпараттық, компьютерлік сауаттылықты дамыту және балаларды электронды ортада оқуға дайындау мақсатында «Информатика» пәні 7- сыныптан 5 -сыныпқа ауыстырылды.
Бұл мектеп оқушыларының функциялық сауаттылығын дамытудың, оқыту процесіндегі модулді тәсілдемені, виртуалды оқыту курстарын, сандық білім беру ресурстарын және басқа электронды, қашықтықтан оқыту, интерактивтітехнологиялар арқылы он-лайн тәртібінде оқытудықолдану міндеттерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Жаңа оқу жылында 9-шы сыныптан бастап «Адам. Қоғам. Құқық» атты кіріктірілген пән енгізіледі.
Қазақстанның қазіргі жастарын өз ұлтының тарихи бастауын түсінетін азамат ретінде ұлттық-мәдени дәстүрлер рухында тәрбиелеуде қазақ тілімен қатар тарих пәндері де маңызды рөл атқарады.
Елбасының тапсырмасын орындау аясында («Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға бірдейеңбек қоғамына жиырма қадам» мақаласында берілген) оқу орындарында тарихты оқыту мазмұнын және форматын өзгерту, оқулықтардың сапасын жақсарту жұмыстары жүргізілуде.
Біз мектеп оқушысының зияткерлік және рухани дамуының қайнар көзі тек оқулық екендігін терең түсінуіміз керек.
Осығанбайланысты оқу әдебиетіндайындауды, сараптамадан және сынақтан өткізуді, мониторинг жүргізуді және баспадан шығаруды ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету процесін жаңғырту қажет.
Қазіргі таңда оқу басылымдарын әзірлеу жүйесін жетілдіру мақсатында Министрлік:
- «Оқулық» республикалық орталығының базасында «Авторлар мектебі» мен «Сарапшылар мектебін» құруды;
- Кітап шығарудың әлемдік стандарттарын зерттеу, авторлар мен сарапшыларды оқыту және сертификаттау, білімді бағалаудың өлшемдерін жасауға және дамытуға қатысумақсатында оқулық әзірлеу жөніндегі MATSDA (Кембридж) Қауымдастығына кіруді;
- «Оқулық» орталығының базасында сарапшылар мен оқу әдебиеті авторларына сертификаттар берумен қоса оқыту сессиясын ұйымдастырып өткізуді;
- оқыту басылымдарының мазмұнына қойылатын талаптарды халықаралық стандарттарға сай жетілдіруді;
- оқулықты электронды дискімен сүйемелдеуді кезең-кезеңімен қамтамасыз етуді қарастырып отыр.
Алдын ала алынған мәліметтер бойынша, 2-ші және 9-шы сынып оқулықтарымен қамтамасыз ету 99,39%-дықұрайды, бұған жергілікті бюджеттен 8 млрд. 462 млн. 547 мың тг.қаржы бөлінген (2012 жылы – 96%).
Көптілді және инновациялық білім беру үлгісін жасау Назарбаев Зияткерлік мектептері желісін кеңейту арқылы жүзеге асырылады. Өткен оқу жылында елімізде оқушылар құрамы- 6591 балаға тең 11 НЗМ жұмыс істеді. 2013 жылғы 20 тамыздағы жағдай бойынша тағы 4 Назарбаев Зияткерлік мектептері ашылды (Павлодар қ. – 1, Қарағанды қ. – 1, Атырау қ. – 1, Тараз қ. - 1). 2014 жылы барлық 20 Зияткерлік мектеп жұмыс істейтін болады.
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің қазақстандық озық тәжірибе мен халықаралық тәжірибе негізінде білім беру сапасын арттыру бағытындағы жұмысты пәрменді жүргізуге мүмкіндік беретін жаңа Стратегиясы қабылданды.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 35 базалық мектепте «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының (НЗМ ДББ) озық тәжірибесін ескере отырып, заманауи әдістемелер мен технологияларды енгізу қолға алынды. Биылғы жылы аталған мектеп басшылары (70 адам) Ұлыбританияда «Білім берудегі көшбасшылық» курстарында тағылымдамадан өтті.
Осылайша, орта білім берудің практикалық дағдыларды дамытуға бағытталған жаңа оқу бағдарламаларын әзірлеу барысында оқыту пәндерінің тізбесі жаңартылды және пәнді оқыту әдістемесі жетілдірілуде.
Сонымен қатар әртүрлі мектептер арасында оқушылардың білімі мен үлгерім деңгейінде теңсіздік пен айырмашылық орын алып отыр.
Ресурстар мен мүмкіндіктердің әртүрлі бөлінуі нәтижесінде қала мен ауыл арасындағы оқыту сапасында теңсіздік пайда болды, бұны жыл сайынғы РISA және ҰБТ қорытындыларынан көруге болады.
Қазақстан РISA зерттеулеріне алғаш рет 2009 жылы қатысып, қатысушы 65 ел ішінде 59 - орын алды.
TIMSS-тің соңғы нәтижелері бойынша 4-сынып оқушыларының білімі алдыңғы зерттеу қорытындыларынан айтарлықтай төмен екендігін көрсетті:егер 2007 жылы 36 елдің арасында біз 5-ші және 11-ші орын алсақ, 2011 жылы – 50 елдің арасында 27-ші және 32-ші орын алдық.
Министрлік қазақстандық оқушылардың халықаралық рейтингтердегі нәтижелеррін арттыру үшін «e-learning» бағдарламасы мен мектеп оқушыларының функциялық сауаттылығын дамыту жөніндегі ұлттық іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру аясында ауқымды жұмыс жүргізуде.
2013 жылғы Оқу жетістігін сырттай бағалау рәсіміне (ОЖСБ) республиканың 429 білім беру ұйымы, оның ішінде 12 жылдық білім берудің эксперименттік 50 мектебі, барлығы 24 601 адам қатысты.
Республика бойынша ОЖСБ жалпы орташа балы – 35,81.
Жоғарыда көрсетілген деңгейден жоғары нәтижеге Ақмола (45,70), Шығыс Қазақстан (40,37), Қостанай (40,19) облыстары мен Алматы қаласында (49,92) қол жеткізген.
Басқа өңірлерде орташадан төмен деңгей, яғни тапсырмалардың 50 % -нан кем орындалғаны анықталды. Ең жоғарғы көрсеткішке жеткен Алматы қаласы мен ең төменгі нәтиже көрсеткен Ақтөбе облыстарының арасындағы айырмашылық- 19,44 балды құрайды.
Екі жылдағы ОЖСБ қорытындыларынсалыстырғанда ағымдағы жылғы көрсеткіш республика бойынша 15,79 балға төмендегені байқалды. Барлық өңірлердің нәтижелері орта мөлшерде 10 балдан артық төмен түскен. Результаты ВОУД городских школьников превышают сельских на 3,95 балла.
Оңтүстік Қазақстан облысы оқушыларының көрсеткіші 31,26 балға (1,9 есе), Қарағанды – 22,08 балға, Жамбыл – 18,92 балға (1,5 есе),Батыс Қазақстанда – 18,15 балға (1,5 есе) төмендеді.
Орташа алғанда республика бойынша қалалық оқушылардың ОЖСБ нәтижесіауыл балаларына қарағанда 3,95 балға жоғары.
Ұлттық Бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) 2013 жылы 95 мың талапкер қатысты, яғни барлық өтініш бергендердің 96 %-ы (2012 жылы - 117 мың).
Биылғы жылы тест тапсырмаларының сапасы біршама жақсарды. Оны апелляция қорытындысынан байқауға болады.
Апелляцияға 659 өтініш түсті. Олардың ішінде тест тапсырмалары базасының 0,09%- н құрайтын (былтыр -169) тек 154-і қанағаттандырылды.
Республика бойынша орташа балл – 74,5. Бұл көрсеткіш былтырғыдан 3,5 –ке жоғары. 50 балдық тиістідеңгейге жетпегендер саны 14 мыңға азайды.
Есесіне 100 балдан жоғары алғандар қатары мың адамға артты (2013 ж. -10787, 2012 ж.-10127). Ал ең жоғарғы 125 балға 7 түлек қол жеткізген (2012 ж. – 3). 
2013 жылы ҰБТ-ге4441 «Алтын белгіден» үміткер қатысты, олардың1593-і (35,87 %) өз білімін растап, «Алтын белгі» иегері атанды:
Қазақ тілінде оқығандар – 1 179, орыс тілінде – 390, өзбек тілінде – 22 және ұйғыр тілінде – 2.
2012 жылы 1 445 оқушы (үміткерлердің 25%-ы) «Алтын белгі» алды.
2013 жылғы ҰБТ қорытындысы бойынша түлектерінің орташа балы төмен болған мектептердің дені Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Алматы және Жамбыл облыстарынан.
Қала/ауыл айырымындағы ҰБТ-2013 нәтижелерін салыстырмалы талдауданауыл мектептері түлектерінің орташа балы қаладан 8,74 балға төмен екендігін көруге болады.
2012 жылмен салыстырғанда қалалық мектеп түлектерінің ҰБТ-ден орташа балы 2,89 балға, ауылда – 3,86 балға өскен.
Сонымен бірге ҰБТ өткізуде проблемалар жүйесі анықталды:

тестілеудің таңдау пәндері аясының тарлығы (4 міндетті және 1 таңдау пәні) мектеп бағдарламасының басқа пәндеріне залал келтіріп, түлектердің 4-5 пән бойынша тест тапсырмаларын жалаң жаттауына әкеліп соғады.

ҰБТ-де бейінді бір ғана пән қарастырылғандықтан, ЖОО-дың түлектерді сапалы таңдап алу мүмкіндігі шектеулі.

Аталған проблемаларБілім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында көзделген екі кезеңдік тестілеуге көшу арқылы шешілуі тиіс.
Құрметті әріптестер! Мемлекеттік білім беру саясатының бірінші кезектегі міндеттерінің бірі -жасына, жынысына, ұлтына, діни танымына және денсаулық жағдайына қарамастан инклюзивтік білім беруді дамыту арқылы сапалы білім алуға баршаға бірдей қолжетімдігі болып табылады.
Қазіргі кезде балалардың инклюзивтік білім алуына қолайлы жағдай жасаған ұйымдардың үлесі ҚР мектептерінің жалпы санының 23%-н (2011 ж. – 19,1 %) құрайды. Жалпы білім беретін мектептерде инклюзивтік білім берумен қамту - 20,2 %.
Мұндай мектептер желісінің төмен көрсеткіші Қызылорда облысында – 0,3 %, ОҚО - 2%, Астана қаласында – 2,8 %, СҚО – 3,4 %, Алматы облысында – 4,3 %, Павлодар облысында – 9 %, Ақмола облысында – 9,6 %.
Бүгінгі күні балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету саласында ілгерілеу бар. Осы бағытта елімізде құқықтық база құрылған.
Мемлекет қамқорлыққа алынған әрбір баланы күтіп-бағуға 10 АЕК мөлшерінде жәрдемақы төлейді, 2011-2013 жылдар аралығында осы мақсатқа республикалық бюджеттен 12 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінген. 19700 балаға оларды күтіп бағу үшін жәрдемақы тағайындалған.
Сонымен қатар 2013 жылғы бірінші жартыжылдықта әртүрлі себептермен2099 балаға жәрдемақытөленбегенін атап айтқан жөн.
Мұндай балалардың көпшілігі Ақмола, Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанда, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында.
2012 жылғы маусымнан бастап «Қазақстандағы бала асырап алу» бірыңғай ақпараттық интернет портал қолданысқа енді, онда отбасыларға орналастыруға тиісті балалар туралы ақпарат берілген. Сайтқа орналастырылған 3234баланың 88-і қазақстандық азаматтардың отбасына асырауға берілген.
Бұл жұмыс барынша мақсатты түрде Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында жүргізіліп отыр.
2011 жылмен салыстырғанда интернат мекемелеріндегі жетімдер, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар саны2315 адамға, ұйымдар саны- 16 бірлікке қысқарған.
Сондай-ақ, кәмелетке толмағандарға зорлық-зомбылық көрсету, мейірімсіз қарым-қатынас жасаудың алдын алу және айқындау жөніндегі кешенді шаралар жүзеге асырылады. Облыстарда «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ», «Бала еңбегін пайдалануға қарсы 12 күндік күрес», «Түнгі қаладағы балалар» және т.б. республикалық акциялар жүргізілуде.
Балалардың білім алуға деген құқығын қамтамасыз ету үшін оларды мектепке тасымалдау жүзеге асырылады және мектепте тамақтандыру ұйымдастырылған.
2013 жылы республиканың 6 183 (84%)мектебінде әлеуметтік қорғалмаған отбасылардың 1 929 785 (78,8 %) баласы үшін ыстық тамақ ұйымдастырылған.
Астана, Алматы ққ., Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстаноблыстарының әкімдіктері барлық бастауыш сынып оқушылары үшін тегін ыстық тамақ ұйымдастырған.
29 707 (85,3 %) мектепоқушысы үшін мектепке тасымалдау ұйымдастырылған.
Жаңа оқу жылына білім беру ұйымдарының дайындығына мониторинг жүргізу мынаны көрсетті: а.ж. 29 шілдеде 7402 мемлекеттік мектеп ішінде 2851 мектеп немесе 38% жаңа оқу жылына дайындық жөніндегі актіге ие болған.
Құрметті әріптестер! Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің алдына «әлемдік білім беру кеңістігіне кіріктіру, қоғам және экономиканың индустриалдық-инновациялық даму сұраныстарына сәйкес ТКББ жүйесін жаңғырту» страгетиялық мақсаты қойылған.
Білім беру бағдарламаларының түрлері мен мазмұны Білім берудің халықаралық стандарттық жіктемесінің (БСХЖ) өлшемдеріне сәйкестендірілді.
ТКББ жүйесі дамуының маңызды аспектілерінің бірі ретінде 2011 жылы «Холдинг Кәсіпқор» ҰАҚ құрылуын атауға болады.
Біздің еліміздегі 174 колледжде жұмысшы мамандықтары бойынша оқитын 45,8 мың студенттіқамтитын екі жақты шарттар негізінде дуалдық оқыту элементі енгізілді (жұмысшы мамандықтары құрамының 46,3 %-ы).
Дуалдық оқытуды енгізу жөніндегі мол тәжірибе Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарында жинақталған.
2010 жылы мемлекеттік тапсырыс бойынша ТКББ жүйесі түлектерін жұмысқа орналастыру деңгейі 68,5 %-ды, 2011 жылы – 75,1 %-ды құрады. 2012 жылы 77,5 мың маман даярланып, оның ішінде 58,5 мың адам (75,5 %) жұмысқа орналасты.
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытуға бөлінген мемлекеттік шығыстар көлемі ел экономикасын дамытудағы аталған білім беру деңгейінің маңыздылығына, мемлекеттік білім беру саясатына байланыстыайтарлықтай өскен.
Сонымен қатар мынадай проблемалар орын алып отыр: жастарды жұмысшы мамандықтармен қамтудың төмендігі; қаржылық, бағдарламалық, аумақтық тұрғыда өзар тең қолжетімдік болмауынан барлық тілек білдірушілердіңалғашқы жұмысшы мамандығын алуға бәрінің бірдей мүмкіндігі болмауы; тиісті жастағы азаматтарды ТКББ ұйымдарында оқумен қамту 7,5 % құрайды.
Ең төменгі көрсеткіш Алматы облысында – 4,4 %, ОҚО – 5%.
Мәселені шешу мақсатында мемлекеттік тапсырыстың және жұмыс берушілердің гранты көлемін ұлғайту есебіненалғашқы мамандықты оқыту жолымен, жұмысқа қабілеті мен оқу орнына жету мүмкіндігіне байланысты бағдарламаны таңдауды қамтамасыз етуарқылы жұмысшы мамандықтарын алуға халықтың бірдей қолжетімдігін қамтамасыз ету қажет.
Жоғары білім беру саласында. 2012 жылы қыркүйекте Қазақстан Білім беру сапасын қамтамасыз етудің еуропалық тізілімінің үкіметтік мүшелігіне өтті. Қазақстандық 6 ЖОО Университеттердің Еуропалық Қауымдастығының мүшесі болып тағайындалды.
Сондай-ақ еліміздің ЖОО дүние жүзілік рейтингтерге белсенді қатысады. 2012 жылы 2 университет: Л.Н. Гумилев атындағыЕҰУ мен әл-Фараби атындағы КазҰУ QS рейтингісінің топ-400 – іне кірді.Биылғы жылы QS рейтингісіне 21 қазақстандық жоо қатысады.
Педагогикалық білім беру мазмұны түбейгейлі қайта қаралады. Әлемдік озық тәжірибені ескере отырып,жоғары оқу орындарының жаңа білім беру бағдарламаларының спектрі кеңейтілді.
Дегенмен, жоғары білім беруді бұқараландыру үрдісі сақталуда. Қазақстанда 10 мың адамға 338 студент келеді. Бұл өте жоғары көрсеткіш. Мемлекеттік тапсырыс пен ЖОО-ғыақылы оқуға қатысты арасалмақ - 25/75 – ке тең. Жалпы бұл саланы одан әрі жаңғырту қажет.
Тәрбие мәселесі. Бүгінгі күні оқытудың мазмұнының, нысанының, әдістерінің сапасына тәрбие сапасын қосу қажет. Ел мұғалімдерінің «Қазақстан – 2050» Стратегиясымен белгіленген басты міндеті: жаңа қазақстандық патриотизм қалыптастыру негізінде Отанымыздың патриотын, азамат тәрбиелеу.
Бірақ балалардың, жасөспірімдер мен жастардың тәрбие деңгейі жеткіліксіз: статистика жастар арасында құқық бұзушылықтың, жасөспірімдер арасында нашақорлық пен өзіне-өзі қол жұмсаудың өсуін растайды. Бұған ықпал ететін себептер көп. Соның бірі – тәрбие үрдісін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етудің әлсіздігі және педагогтардың тәрбие саласындағы біліктілік деңгейінің жеткіліксіз деңгейі, сондай-ақ ата-аналар қауымдастығымен байланыстың нашарлығы.
Оқушылардың функциялық сауаттылығын дамыту шартының бірі қосымша білім беру жүйесінің сапасы мен тиімділігін арттыру болып табылады. Бұл тұлғаның қабілеттері мен мүдделерін дамытуды, балалардың өзін-өзі кәсіби тұрғыда айқындауын қамтамасыз етеді.
2012 жылы қосымша білім беру ұйымдарының педагогтары мен басшылары алғаш рет Франция, Германия, Чехия, Швейцария және Ресейде тағылымдамадан өтті.


Қосымша білім берумен қамту22,9 %-ды (571001 мектеп оқушылары) құрайды. Республиканың қосымша білім беру мекемелерінде 16,6 мыңнан астампедагогтар, оның ішінде 5,6 мыңыауылдық жерлерде жұмыс істейді. Қосымша білім беру жүйесі 641 (2011 жылы. – 621) мекемені құрайды.
ШығысҚазақстан (4), СолтүстікҚазақстан (7), ОңтүстікҚазақстан (6), Жамбыл (2), Қызылорда (1) облыстарында әр түрлі мектептен тыс ұйымдар ашылды: оқушылар үйі, шығармашылық орталықтары, жас туристер мен техниктер стансасы, көркемөнер үйі.
Сынып жетекшісі жас ұрпақ тәрбиелеу саласында басты орында тұр. Біздің бүгінгі міндетіміз – оның қызметтік міндеттерін қайта қарап,қазіргі заманғы мектептегі сынып жетекшісінің жаңа үлгісін жасау.
Жастар саясаты бойынша.Жастар бүгінгі Қазақстанның стратегиялық әлеуеті болып табылады. Соңғы жылдарда мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыру 10 есеге өсті және ағымдағы жылы 1,5 млрд. теңгені құрады.
Қазақстанда мемлекеттік жастар саясатын жаңғырту барысында шет елдерде табысты қолданылатын жұмыстың түрлері мен әдістерін пайдалану тиімді болмақ.
Қымбатты ұстаздар! Бүгін күні Ұстаз қазақстандық білім беруді жетілдірудегібасты тұлғаболып отыр.Қоғамдағы Ұстаз мәртебесі оныңзияткерлік жәнекәсіби деңгейіне, оның жеке басының қасиеттеріне тікелей байланысты. 
2012 жылғы қыркүйектен бастап енгізілгенбіліктілікарттырудың деңгейлік жүйесіне сәйкес біліктілік емтиханын сәтті тапсырған мұғалімдергелауазымдық жалақының 30-дан 100%-ға дейінгі мөлшердегіүстем ақы төлеудің жаңа түрі белгіленді.
2013 жылы біліктілікті арттырудың деңгейлік курстарымен 15 мың педагог қамтылады, оның ішінде 9700 педагог – үшінші деңгей бойынша, 2200 – екінші деңгей бойынша, 3100 – бірінші деңгей бойынша.
2014 жылы37830 мұғалімді курстардан өткізу жоспарланып отыр,
2015 жылы –60076 мұғалім.
Сонымен бірге Министрлікте педагогикалық қызметкерлер жалақысын одан әрі өсіруді және ынталандыру құралдарын енгізуді қамтитын жан басына қаржыландыру тетігі жасалды, бұл тетік жалақыны еңбектің нәтижесіне қарай саралауға мүмкіндік беретін болады.
Алайда, бүгінгі таңда: мұғалімнің, басшының, әдіскердің әлеуметтік қызметін жаңғырту; білім беру мазмұнындағы өзгерістер; ақпараттық кеңістікті кеңейту; 12жылдық мектеп бағдарламасы бойынша оқытудың жаңа үлгісіне көшу міндеттерінен әдістемелік қызмет жүйесін құруқажеттігі туындап отыр.
Педагогтарды ауылдық мектептерде жұмыс істеуге тартумәселесіне үлкен назар аударылып отыр.Әлеуметтік қалтаға тегін тұрғын үй,сондай-ақ жеңілдікті несие кіреді.
Бұл шараларға қарамастан, көп жағдайда ауылдық аймақтардағы жоғарғы санаттағы мұғалімдер үлесі (орта есеппен 10,4%) қалалық мектептерге(орта есеппен 22,4%) қарағанда 2-3 есе төмен.Ал санаты жоқ мұғалімдер саны қалалық көрсеткіштерге қарағанда жоғары.
Айтылған жағдайды өзгерту үшін жүйелі шаралар қажет.Әлемнің жетекші мемлекеттерінің тәжірибесі бойынша, ең мықты мұғалімдерді ең жақсы мектептерде шоғырландырудың орнына, жалпы жағдайды теңдестіру үшін оларды әлсіз мектептерге жіберу дағдысын дамыту керек.
Сондай-ақ, педагогикалық құрамды білікті кадрлармен толықтыру мәселесі өзекті болып қалуда.
Министрліктің аумақтық департаменттері екі жылғы қызметі нәтижесінде балабақшалардың, мектептер мен колледждердің жұмысында кездесетін елеулі кемшіліктердің бетін ашты.
Мектептердің көбінде ҚР МЖБС орындалмауына әсерін тигізіп отырған жүйелі мектепішілік бақылау жоқ.
2013 жылғы қаңтардан бастап 80 (соның ішінде 47 мектеп) білім беру мекемелерінің лицензиясы тоқтатылды,әкімшілік құқық бұзушылық жөнінде 234 (с.і. 167 мектеп) іс қозғалды.
Негізгі кемшіліктер:
- педагогика қызметкерлерінің сапалық құрамының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкессіздігі.
Облыстардың 276 мектебінде (Ақмола-2, Ақтөбе–8, Алматы -144, Атырау-3, ШығысҚазақстан-56,БатысҚазақстан-58, Қостанай-18, СолтүстікҚазақстан-17) жоғарғы және бірінші санаттағы мұғалімдер үлесі 30% нормативке сай келмейді.
- педагогикалық қызметті атқаруға арнайы педагогикалық білімі бар тұлғаларға ғана рұқсат берілуі туралы («Білім беру туралы» ҚР Заңының 51 б. 1т.) заңнаманың талаптары орындалмайды.
Мониторинг пен бақылау шараларын өткізу барысында педагогикалық білімі жоқ 2 мың мұғалім, сондай-ақ маман емес 7 мың мұғалім анықталды.
- оқулық, оқу-әдістемелік әдебиетпен қамтамасыз етудің төмендігі;
Жамбыл, СолтүстікҚазақстан, ОңтүстікҚазақстан облыстарындағы 15 мектептің әдебиетпен қамтамасыз етілуі нормативке сай емес;
- білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасының жабдықталуының жеткіліксіздігі.
Шағын комплектілі мектеп мұғалімдерінің сапалық құрамы төмен болып отыр:ШығысҚазақстан, БатысҚазақстан, Қостанай облыстарында.
Жергілікті жерлерде аталған кемшіліктер бойынша ықпалды шаралар қолдану қажет.
Сөз соңында, ұстаз әр кезде өзінің күрделі әрі көркемқасиеттерімен ерекшеленетін, қайталанбайтын адам тұлғасын қалыптастырудың ғажайып процесін басқаратыны жөнінде ешқашан ұмытпауы керек дер едім. Адамзат алдындағы осынау асқақ борышын абыройлы атқару үшін ол әрдайым педагогикалық ғылымның жаңа жетістіктері мен озық тәжірибелерін пайдалана отырып, өзінің шеберлігін жетілдіре беруге міндетті.
Құрметті әріптестер! 1 қыркүйек - Білім Күнінде біз барлық білім беру мекемелеріне «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: бір халық – бір мемлекет – бір тағдыр» атты бірінші сабақ өткізуді ұсынып отырмыз. Бұл сабақтың мазмұнында барлық қазақстандықтардың өткен тарихының ортақтығын ұғынуға, олардың тұрақты, мықты және табысты мемлекет құруына ортақ үлес қосуға, азаматтық сәйкестікті, ұлтаралық татулықты қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуі тиіс.
«Қазақстан - 2050» Стратегиясы» - бұл біз кімбіз, қайда барамыз, 2050 жылы қайда болғымыз келеді деген сұрақтарға жауап. Жас ұрпақтынақты осы мәселелер қызықтыратынына сенімдімін...», - деген еді Елбасы2012 жылғы 14 желтоқсандағы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында.
Осы сабақ арқылы әрбір оқушының өз Отанының болашағы үшін жауапкершілігі мен парызын ұғынуы аса маңызды.
ұстаздар қауымы осы ізгі мақсаттарға жету жолына бар күш-жігерін саларына мен сенімдімін.
Құрметті ұстаздар! Сіздерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын!
Сіздердің игі істеріңізге шығармашылық табыстар тілеймін! Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

Президенттің халыққа жолдауы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 

Мемлекеттік рәміздері

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері

Президенттің ресми сайты

Президенттің ресми сайты

Получить кредит нaличными без зaлогa Buy tramadol online
Buy xanax online