Мектепке жол 2019 жыл

«Мектепке жол» акциясы туралы ақпарат

Оқушылардың мектепке толық баруын қамтамасыз ету мақсатында 11 жыл қатарынан 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін Білім күніне және қиын жағдайға тап болған балаларға қолдау көрсету үшін «Мектепке жол» атты жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясы өткізіліп келеді.
Акцияның мақсаты – аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларға көмек және қолдау көрсету. Сондай-ақ әлеуметтік жағдайы төмен болуы себептермен мектепке бара алмайтын балалардың мәселелеріне қоғамның назарын аудару.
Акция 2018 жылы «Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету!» ұранымен өткізілді. Акцияны өткізу барысында мемлекеттік ұйымдар, бизнесмендер (демеушілер, меценаттар) және қайырымды адамдар аз қамтылған және әлеуметтік қорғалмаған отбасылардың балаларын мектепке дайындауға көмектесті. Сонымен қатар құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, оқудан жалтарған балаларды анықтау бойынша адамдар көп жиналатын жерлерде 4106 рейдтік іс-шара өткізілді.
Білім беру ұйымдарында көмекке мұқтаж немесе кеңес алғысы келген отбасылар мен балаларға арналған сенім телефондары, қоғамдық қабылдаулар жұмыс істеді (Алматы қаласы Білім басқармасының телефоны: 272-11-00).
Аталмыш акция аясында көмекке мұқтаж 14250 оқушыға жалпы сомасы 141 млн.328 мың теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді, соның ішінде:
—6919 оқушыға – жалпыға міндетті оқу қоры есебінен 74 млн.693 мың теңге;
—7331 оқушыға – демеушілер мен меценаттардың есебінен 74 млн.693 мың теңге жұмсалды.
Бұл қаражат балалардың тамағына, мектепке қажетті құрал-жабдықтарға, мектеп формасына, санаторий-курорттық ұйымдар мен лагерлерге жолдамаларға, ақшалай көмек көрсетуге бағытталды.
Жаңа оқу жылы алдында мектепке қажетті құрал-жабдықтарға арналған жәрмеңке өткізілді («GrandPark» сауда-ойын-сауық орталығында төмен бағада отандық мектеп формасын өндірушілердің ірі жәрмеңкесі ұйымдастырылды).
«Мейірімді қолдар» жылпыреспубликалық қайырымдылық акциясын ұйымдастыру және өткізу бойынша іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында сауда үйлерінде аз қамтылған отбасыларға көмек ретінде заттар, киім-кешек, мектепке қажетті құрал-жабдықтарға арналған контейнерлер орналастырылды.
Биыл акция «Жүректен жүрекке» ұранымен 5 шілдеден 30 қыркүйекке дейін жалғасады.

«Ата мекенім» қоғамдық қорының қолдауымен «www.atamekenim.kz» порталында көмекке мұқтаж ата-аналар өз өтінімдерін қалдыра алатын «Мектепке жол» платформасы құрылды. Өз кезегінде демеушілер мен меценаттар ақшалай қаражатты онлайн-аудара отырып осы портал арқылы көмек көрсету бойынша өз ниеттерін жүзеге асыра алады. Бұл платформа тұрақты түрде жұмыс жасай отырып, жаңа тәсілдер арқылы көмек көрсетудің мәдениетін қалыптастыруға, оның атаулық пен ашықтықты қамтамасыз етуге септігін тигізеді.