«Алматы қаласында Инновациялық шығармашылық орталықтарын салу және пайдалану» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша екі кезеңді конкурстық рәсімдерді пайдалана отырып, жекеше әріптесті анықтау бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру

«Алматы қаласы білім басқармасы КММ» «Алматы қаласында Инновациялық шығармашылық орталықтарын салу және пайдалану» МЖӘ жобасы бойынша екі кезеңді конкурстық рәсімдерді пайдалана отырып, жекеше әріптесті анықтау бойынша конкурс өткізу туралы хабарлайды.

Жобаның аты: «Алматы қаласында Инновациялық шығармашылық орталықтарын салу және пайдалану»

Жобаны іске асыру саласы: Жоба қосымша білім беру саласында жүзеге асырылады.

МЖӘ жоба мақсаты: Алматы қаласында жаңа инновациялық шығармашылық орталықтарын салу аймақтың қажеттілігін шешу және қосымша білім беру саласында оқушы орындарының тапшылығының деңгейін төмендету жолымен халықтың қажеттілігін қанағаттандыру.

Осы жобаның ілеспе мақсаттары мен міндеттері:

  • қосымша білім беру объектілерінің желісін дамыту;
  • қазақстандық және халықаралық стандарттарға сәйкес келетін әрқайсысында 1500 орынға арналған қазіргі заманғы инновациялық шығармашылық орталықтарын іске асыру;
  • Алматы қаласының қосымша білім беру объектілерінде оқу үдерісін ұйымдастыру үшін қолайлы жағдай жасау;
  • халықаралық және қазақстандық білім беру стандарттарын біріктіру негізінде оқушыларды сапалы қосымша біліммен қамтамасыз ету;
  • халықаралық және қазақстандық білім беру стандарттарын біріктіру негізінде оқушыларды сапалы біліммен қамтамасыз ету;
  • қосымша білім беру саласында мемлекеттік саясатты сапалы жүзеге асыруды қамтамасыз ету.

«Алматы қаласында Инновациялық шығармашылық орталықтарын салу және пайдалану» МЖӘ жобасының жобалық қуаттылығы:

Инновациялық шығармашылық орталық саны – 2, әрқайсысы 1500 орындық.

Жер учаскесінің аумағы – 0,87 га және 1,24 га.

Жобаның іске асыру орны: Алматы қаласы Алатау және Наурызбай аудандарында МЖӘ жобасы бойынша Инновациялық шығармашылық орталықтарын салу.

МЖӘ жобасы іске асыру кезеңі: 52 ай одан көп, оның ішінде:

Құрылыс кезеңі: 15 ай;

Пайдалану кезеңі: 3 жылдан бастап;

Құрылыстың және жобаны іске асырудың осы мерзімдері болжамды болып табылады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті жеке серіктестерге 2020 жылдың 24 қыркүйегіне дейін «Алматы қаласы Білім басқармасы» КММ-нің техникалық тапсырмасына сәйкес әзірленген техникалық ұсыныс беру, сондай-ақ «МЖӘ туралы» ҚР Заңының 32 бабына сәйкес біліктілік іріктеу жүргізілетін қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсыну қажет.

Конкурсты ұйымдастырушының атауы: «Алматы қаласы Білім басқармасы» КММ.

Байланыс телефоны: Күншуақов Қайрат Мұратұлы 8-727-262-32-66;

e-mail: u.edu@almaty.gov.kz.

Құжаттар көшірмелерінің пакетін мына мекенжай бойынша сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін және 14.00-ден 18.00-ге дейін алуға болады.: ҚР, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Республика алаңы 4, 4 қабат, №447 кабинет.

Құжаттар көшірмелерінің пакеті осы конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап сұрау салу бойынша ұсынылады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған