Балаларға – бақытты балалық шақ!

Алматы қаласының Білім басқармасы 2020 жылғы 1-12 маусым аралығында «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» жыл сайынғы Ұлттық ақпараттық науқанның өткізілетінін хабарлайды.

Биылғы жылы науқан «Бала еңбегін пайдалануға жол жоқ!» ұранымен өтеді.

Науқанның негізгі мақсаты қоғамның назарын балалар еңбегінің ең нашар түрлерін қолданудың алдын алу мәселелеріне аудару, сондай-ақ осы саладағы құқықтық ақпараттандыру болып табылады.

Барлық білім беру ұйымдарды, мүдделі органдарды және ата-аналар қауымдастығын аталған науқанға белсенді қатысуға шақырамыз.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған