2020 жылдың 1 маусымнан бастап мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға арналған байқау қайта басталады.

Алматы қаласы Білім басқармасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» № 122 бұйрығына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін Алматы қаласындағы жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарға мектепке қабылданғанға дейін 3 жастан асқан балалар үшін                       2000 орынға байқау жариялайды.

Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте бюджеттік бағдарламаның әкімгері тиісті бюджет комиссиясы жергілікті бюджеттен қаражат бөлуді қарағаннан кейін жеңімпаздар деп танылған Алматы қаласының жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарымен мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы шарт жасайды.

Алматы қаласы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін конкурс жекеменшік балабақшалар арасында өтеді.

2020 жылғы 1-12 маусым аралығында конкурсқа қатысуға құжаттар қабылдау жүргізіледі.

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін Алматы қаласы, Республика алаңы, 4 мекенжайда                              Тел 262-34-96; 262-23-86; 272-13-08 жүзеге асырылады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған