Алматы қаласы Білім басқармасы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 75 жыл толуына арналған «ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 75 жыл!» қалалық қашықтықтан өткізілетін балалар суреті байқауын 27 сәуірден 5 мамыр аралығында үш жас санаттары бойынша (кіші топ – 6-8 жас, орта топ – 9-12 жас, ересек топ – 13-16 жас) ұйымдастырды.
Аудандық кезеңнен 51 жеңімпаз қалалық кезеңге өтіп, қалалық кезең Білім басқармасының Facebook парақшасында аудандық жеңімпаздардың суретіне онлайн дауыс беру арқылы 2020 жылғы 5 мамырда өткізілді. Байқаудың қорытындысы бойынша Гран-При дипломымен және бағалы сыйлықтармен кіші топтан Асымжан Дамир (№101 мектеп-гимназия), орта топтан Калиева Томирис (№148 мектеп-гимназия) және ересек топтан Дінмұхамед Жігер (Оқушылар сарайы) марапатталды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған