«Үздiк педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшiн құжаттарды қабылдау ережесі

Алматы қаласының Білім басқармасының Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы «Үздік педагог-2020»  конкурсының онлайн режимде өткізілетіндігі туралы хабарлайды.
«Үздік педагог» атағын беру қағидалары Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 5-бабының  8-6 тармақшасына және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің «Үздік педагог» атағын беру туралы 2015 жылғы  16 қаңтардағы №12 бұйрығына сәйкес әзірленген.
Ереже меншік нысандарына және ведомстволық бағыныштылығына қарамастан, педагогикалық қызметте жоғары жетістіктері бар мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту, бастауыш, негізгі және жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне   «Үздік педагог» атағын беру тәртібін айқындайды.
Конкурстың мақсаты: педагог мамандығының мәртебесін арттыру және кәсіби қызметінде жоғары жетістіктерге ие шығармашылықпен жұмыс істеп жатқан педагогтерді марапаттау.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған