Жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру шаралары түсіндірілді

2020 жылғы 23 сәуірде Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің, «Саналы ұрпақ» жобалық офисінің және Алматы қаласы Білім басқармасының кезекті бірлескен жиналысы онлайн тәртібінде өткізілді.
Аталған іс-шара жемқорлықтың алдын алу бойынша ведомствоаралық қарым-қатынасты одан әрі дамыту және білім саласында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.
Жиналысқа сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Д.Т. Таумұрат, «Саналы ұрпақ» республикалық жобалық офисінің басшысы Қ.А.Тоқышев, Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Л. Ә. Жылқыбаева, аудандық білім бөлімдерінің басшылары және Алматы қаласындағы 205 мемлекеттік мектептердің директорлары қатысты.
Жиналыс барысында білім саласында жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмыстың негізгі бағыттары, атап айтқанда «Тыңдайтын мемлекет» концепцияны, Жемқорлыққа қарсы стандартты іске асыру міндеттері және PUBLICBUDGET.KZ сайтында орналасқан Қоғамдық бақылаудың интерактивті картасын толтыру мәселелері талқыланды.
Іс-шараға қатысқандарға жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің және жемқорлыққа қарсы мониторингтің әдістемелері, сонымен бірге «Саналы ұрпақ» жобалық офисінің 2 жыл ішінде жасалған жұмыстың нәтижелері түсіндірілді.
Сонымен қатар, барлық білім беру ұйымдары басшыларының назары жемқорлыққа қарсы заңнамалықты қатаң ұстану, барлық лауазымдық міндеттерді орындау және қазіргі төтенше жағдай режимінде ата-аналармен және мұғалімдермен уақытылы және сапалы кері байланысты қамтамасыз ету қажеттілігіне аударылды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған