Уақыт талабына жауап!

2019-2020 оқу жылының IV тоқсаны басталды. Оқытудағы басты ерекшелік – қашықтан оқытуға ауысу. Қазақстан педагогтері, соның ішінде Алматы қаласының да педагогтері бірінші рет осы оқыту түрін қолданатын болады.
Ағымдағы жылдың 6 сәуірінде «Алматы» телеканалынан 9 және 11 сынып оқушылары үшін алгебра, алгебра және анализ бастамалары, физика, химия, биология және география пәндері бойынша бейнесабақтар көрсетілімі басталды. Сабақтардың студиялық жазбасына қаланың орта білім беру ұйымдарының тәжірибелі, үздік педагогтері тартылды.
Сабақтар дүйсенбіден жұмаға дейін күнделікті сағат 11:00-ден 13:00 уақыт аралығында көрсетіледі.
Барлық бейнесабақтар youtube  каналының білім беру порталына жүктеледі https://www.youtube.com/channel/UCNn-5A1CV2foHDWOE-DrPbw/. Оқушылар бағдарлама материалын жеткілікті деңгейде оқып-білуі үшін сабақтарды өздеріне ыңғайлы уақытта көре алады.
Сонымен қатар «Алматы» телеканалынан бірқатар күрделі тақырыптағы бейнесабақтар қайталап көрсетілетін болады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған