6 сәуір, дүйсенбіден бастап, қала мектептері қашықтан оқуға көшті. Осыған байланысты Алматы қаласы Білім басқармасы әртүрлі тәсілдер мен айрықша шешімдерді талап ететін күрделі жұмыстарды атқарды.
Жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша пәндерден сабақтардың бейнежазбалары түсірілді. 4-тоқсанның материалдары бойынша жүзден астам сабақ түсірілді. Студиялық жазбаға қаланың үздік педагогтері тартылды. Білім басқармасының https://www.youtube.com/channel/UCNn-5A1CV2foHDWOE-DrPbw  youtube  каналымен қатар, барлық сабақтар «Алматы», «Балапан», «Еларна» каналдарынан көрсетіледі.
Педагогтер үшін 4-тоқсан бағдарламасы бойынша тірек конспектілер https://bilimalmaty.kz/predmety әзірленді. Тірек конспектілерде сабақтардың тақырыптары, қағаз және электронды көздердің сілтемелері, материалдың қысқаша мазмұны, оқушыларға арналған тапсырмалар берілген. Сондықтан мұғалімде сабақтың жалпы құрылымы болғандықтан, өзінің толықтырулары мен түзетулерін енгізе отырып өткізуге мүмкіндік алады.
Мектеп қорынан мұқтаж отбасылар мен оқушыларға, педагогтерге 10 000-нан астам компьютер берілді. Сонымен қатар, қала әкімінің тапсырмасымен төрт немесе одан да көп балалы отбасыларға арнап 1500-ден астам қосымша компьютерлік техника сатылып алынды.
Қашықтан оқыту бойынша туындаған мәселелер мен сұрақтарға жауап беретін Call орталықтары құрылды.
Педагогтер мен оқушыларға сабақ барысында kundelik.kz, bilimland.kz, daryn.online, Whatsapp, Telegram, т.б. платформалар қолжетімді болады.
Қашықтан оқыту жүйесінің жұмысы оқу жылының соңына дейін жалғасады.
Біз Алматы қаласы оқушыларының оқуды жалғастыруы және дағдылы оқу процесіне кірісіп кетуі үшін барлық мүмкіндіктерді жасаймыз.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған