«Алматы қаласының білім беру мекемелеріндегі кешенді қауіпсіздік жүйесі» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мүдделерін білдіру сұранысы

Қазіргі кезде «Алматы қаласы Білім басқармасы» КММ «Алматы қаласының білім беру мекемелеріндегі кешенді қауіпсіздік жүйесі» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын (әрі қарай – МЖӘ жобасы) іске асыру үшін дайындық жұмыстарын жүргізуде.
Жоба аясында 220 білім беру мекемелерін кешенді қауіпсіздік жүйесімен (әрі қарай – КҚЖ) қамтамасыз ету жоспарланған.
КҚЖ құралдарын (камералар, бейнебақылау, өрт датчигі, күзет дабылы, дыбысты хабарлама т.с.с.) орнату, жөндеу, КҚЖ сервистік және техникалық қызмет көрсетуін МЖӘ келісім шарт уақыт аралығында (5 жыл) жекеше әріптес қамтамасыз етеді.
«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» заңына сәйкес мемлекеттік серіктес шығындарды өтеу (инвестициялық шығындардың өтемақысы, қызмет көрсетуге төлемақы) МЖӘ жобасын бақылауды жүзеге асырады,
Субъектілерді кәсіпкерлікке жоспарлау және жоспарлау процессінің айқындығын жоғарылату МЖӘ жобасына тарту мақсатында, «Алматы қаласы Білім басқармасы» КММ мүдделерін білдіру сұранысын қалыптастырды.
Қызығушылық туындаған жағдайда келесі ақпараттарды ұсынуларыңызды сұраймыз:
1) компания туралы толық ақпарат (аты, құрылған күні, меншік нысаны, негізгі атқаратын қызметі, жұмыс өтілі);
2) жоба тобына кандидатурасын ұсыну үшін (компаниядан 1 адамнан кем емес) тегі, аты, әкесінің аты және қызметі.
Жоба тобы
«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы»
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығына сәйкес «Алматы қаласы Білім басқармасы» КММ ведомствоаралық жоба тобын құру жоспарланған. Жоба тобына бағынысты ұйымдар мамандарын, тәуелсіз сарапшыларды, жобалық, инжинирингтік және басқа да компанияларды, қызығушылық танытқан және уәкілетті мемлекеттік органдарды, Қазақстан Республикасы Ұлттық палата кәсіпкерлерін, кәсіпкерлік субъектісін жобаға тарту көзделген.
Жоба тобын құрудың мақсаты МЖӘ жобасының техникалық, қаржылық, заңдылық жағын және басқада қажетті шараларды оңтайлы қалыптастыру болып табылады.
Жоба тобы ұсыныстары МЖӘ жобасын конкурстық құжатын әзірлеу кезінде және МЖӘ жобасы келісім шартында ескеріледі.
Ұсыныстар 2020 жылдың 2 наурызына дейін Алматы қаласы, Республика алаңы 4, №447, №212 кабинеттерінде қабылданады.
Сұрақтар болған жағдайда Алматы қаласы Білім басқармасы техникалық қадағалау бөлімі тел. 8 (727) 262-32-66, электронды мекенжайы 2623262@mail.ru арқылы және Алматы қаласы Цифрландыру басқармасы 8 (727) 264-42-15, ұялы телефон. 8 (775) 274-75-17, электронды мекенжайы aigerim_upr@a-a.kz арқылы хабарласуларыңызға болады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған