2020 жылдың 8 қаңтарында Алматы қаласындағы №201 мектеп-гимназияда педагог қауымы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Исимбаева Гүлмира Истайбекқызымен кездесу өтті.
Кездесуге орта білім беру ұйымдарының басшылары, олардың орынбасарлары, бастауыш сынып мұғалімдері мен пән мұғалімдері, ата-аналар қауымдастығының, жергілікті басқару органдарының өкілдері қатысып, заманауи мектептегі бірқатар сұрақтарды талқылады, соның ішінде:
– қала мектептеріне жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу,
– критериалды бағалау,
– 1-4-сынып оқушыларының оқу жүктемесін азайту, т.б.
Қазақстан Республикасы Президенті қол қойған «Педагог мәртебесі туралы» Заңдағы педагогтерді марапаттау шаралары, үстемақы төлеу және мұғалімді қорғау тетіктері туралы ақпаратты өте жақсы қабылдады.
Сонымен қатар 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік маңызды жобалардың қабылданғандығын атап өтті. Олар: отбасы табысының деңгейіне қарамастан көп балалы отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек беру, аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсету, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу, балаларға қарсы қылмыстық іске жауапкершілікті қатаңдату.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған