2019 жылғы 29 қарашада барлық білім беру ұйымдарында «Заманауи Қазақстан. Елбасының көшбасшылығы туралы» жалпы республикалық бірыңғай сабақ өткізіліп, оған 1-11 сынып оқушылары және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқитын барлық студенттер қатысты.
«Заманауи Қазақстан. Елбасының көшбасшылық сабақтары» атты жалпы республикалық ашық сабақ – Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай негізгі орталық мазмұндық және идеялық іс-шара. Ашық сабақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінен ұсынылған Бірыңғай сабақтың материалдары (әдістемелік ұсынымдар, бейнефильмдер, 1-4, 5-8 және 9-11 сыныптарға, ТжКБ арналған  кейстер) негізінде ұйымдастырылды. Бірыңғай сабақ мақсаты жас ұрпақ санасында Ұлт көшбасшысының Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет болып қалыптасу мен дамуындағы рөлін  жеткізе келе, қазақстандық патриотизмді  және белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға  бағытталды.
Бірыңғай сабақ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеуге арналған және білім беру ұйымдары білім алушыларының назарын Ұлт көшбасшысының ерен еңбектеріне аударуға, жастардың бойында патриоттық және азаматтық жауапкершілік сезімін бекітуге, сондай-ақ өздерінің тұлғалық өсуіне қажетті дағдыларды, көшбасшылық қасиеттерді дамытуға бағытталған.
Білім алушылармен жұмыс жасау түрлері мен құралдары әртүрлі, қызықты, әсерлі және балалар мен жастардың жас ерекшелеліктеріне сәйкес ұйымдастырылды. Тақырыптық сағаттарды өткізуге қоғам қайраткерлері, депутаттар, Нұр-Отан партиясы, Қазақстан халқы Ассамлеясының  мүшелері, ректорлар, ғалымдар, политологтар, белгілі журналистер, өңірлердің белгілі ардагерлері шақырылды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған