Алматы мектептерінде Дүниежүзілік сабағы өткізілді

Алматы қаласының білім беру ұйымдарында 2019 жылғы 13 қарашада БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы Конвенцияны қабылдауының 30 жылдығы және Қазақстан Республикасында ратификациялауының 25 жылдығына арналған «Бүгінгі шақ және болашақ: әр бала үшін қорғаныс қамтамасыз етілген балалық шақ» тақырыбында Дүниежүзілік сабағы өткізілді.
Дүниежүзілік сабағы оқушыларға құқықтық тәрбие беру, олардың белсенді азаматтық ұстанымдарын қалыптастыру, өскелең ұрпаққа заңды құқықтары мен міндеттері туралы кеңейтілген ақпарат беру, сонымен қатар мүдделі органдармен ведомствоаралық қарым-қатынасты нығайту мақсатында ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараға қала әкімдіктерінің, Білім басқармасының және аудандық білім бөлімдерінің өкілдері, білім саласының ардагерлері, ата-аналар қауымдастығы, қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының әдіскерлері, қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының, аудандық полиция Басқармаларының өкілдері және басқалары қатысты.
Жалпы Дүниежүзілік сабақпен Алматы қаласы білім беру ұйымдарының 158 мыңнан астам оқушы қамтылды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған