Қасыл Қатықбаева атындағы «ҰСТАЗ МӘРТЕБЕСІ – ҰЛТ МЕРЕЙІ» қалалық байқауы

Пресс-релиз

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2018 жылдың 5 қазанында Қазақстан халқына арнаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты кезекті Жолдауында «2019 жыл – Жастар жылы» – деп жариялады.
Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қазақстандық ұлтжандылық қасиетімен, білімділігімен, бәсекеге қабілеттілігімен байланыстыра отырып, Елбасы «…жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» деп ойын түйіндейді. Сондықтан да ұстаздардың әл-ауқатын арттырып, тұрмыс сапасын көтеруге бағытталған «Педагог мәртебесі туралы» заң әзірлеп, 2019 жылы қабылдауды тапсырды.
Осы орайда Президенттің «Білім және ғылым» конференциясында көтерген мәселелерді қолдау бағытында, мұғалім мәртебесін көтеру мақсатында 15-қазан мен 12-желтоқсан аралығында,Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен, Алматы қаласы Мәслихат депутаты, «Koktem Group LTD» компаниясының директоры Әділханов Мұрат Әділханұлының  демеушілігімен Алматы қаласы орта білім беру ұйымдарының мұғалімдері арасында Қасыл Қатықбаева атындағы «ҰСТАЗ МӘРТЕБЕСІ – ҰЛТ МЕРЕЙІ» қалалық байқауы өткізілмек. 

Алматы қаласы, Медеу ауданы, С.Нұрмағанбетов 69
Тел: 8(727)229-14-98, +7 702 341 51 56
E-mail:school-168@mail.ru

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған