2019 жылдың 30 қазан – 1 қараша аралығында Нұр-Сұлтан қаласында мектеп оқушылары арасында робототехникадан  «ІІTU ROBOCON GAMES-2019»  атты V Республикалық чемпионат өтті. Чемпионатқа Қазақстаннан ең таңдаулы деген 30 мектеп командалары қатыстысып, ақтық сынға  алматылықтар шықты. «Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейі» мен «Inventive» командалары арасындағы финалддық  сайыста гандилықтар басым түсіп, ROBOCON  чемпионатының чемпиондары атанды. Сонымен, барлық жүлделі орындарды алматылық командалар иеленіп, Алматы қаласының абыройын тағы да  асқақтатты:  бірінші орын – «Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейі» (Алматы), екінші орын – «Inventive» командасы (Алматы),  үшінші орын «Ы. Алтынсарин атындағы №159 гимназия» (Алматы).
Төрт оқушыдан тұратын  №92 лицейдің барлық команда мүшелері құнды сыйлықтармен қатар «Astana IT University» мен Халқаралық  IT университетінің  100%  грантына  ие болды. Топ құрамы: Жаңғали Аманбек, Ғазиз Амангелді, Қазыбек Танабай,  Ғабит Қырқынбек. Топ жетекшісі Меирханов Айболат Қуанышбекұлы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған