Білім беру жүйесі қызметкерлерінің Алматы Форумы

2019 жылғы 19 тамызда жаңа оқу жылы қарсаңында Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық  опера және балет театрында білім беру жүйесі қызметкерлерінің Алматы Форумы өткізілді.

Форумның пленарлық отырысының жұмысына Алматы қаласының әкімі Б.Ә Сағынтаев, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А.Қ. Аймағамбетов, «Нұрсұлтан Назарбаев Білім беру Қоры» ҚҚ директорының орынбасары С.В. Мурзабекова, Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебінің ассистент-профессоры Д. Билялов, Алматы қаласы Білім басқармасының қызметкерлері, қала аудандарының әкімдері, білім саласының ардагерлері, мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының, қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының басшылары, сонымен қатар арнайы шақырылған қонақтар, атап айтқанда ҮЕҰ өкілдері, білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңестер және ата-аналар комитеттерінің мүшелері және басқалар қатысты.  

Форумда 2018-2019 оқу жылының қорытындысы қарастырылып, жаңа 2019-2020 оқу жылына стратегиялық мақсат-міндеттер қойылды.

Алматы қаласы білім саласының одан әрі даму мәселелеріне ерекше назар аударылды. 

Форум қатысушыларының алдында Алматы қаласының әкімі Б.Ә Сағынтаев, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А.Қ. Аймағамбетов сөз сөйледі. Отырыста негізгі ақпаратпен Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Г.М. Ходжабергенова баяндама жасады.

Сонымен қатар, Форумда Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің ведомстволық наградалары – «Ыбырай Алтынсарин» және «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгілерімен білім беру саласының қызметкерлерін марапаттау және Алматы қаласының үздік білім беру ұйымына грант тағайындау салтанатты рәсімі өткізілді. Атап айтқанда, ведомстволық марапаттар келесі білім қызметкерлеріне табысталды: Куныпияева Шарипа Болатбайқызы, №157 жалпы білім беретін мектебінің физика пән мұғалімі; Ахметова Сламбупе,  № 83 гимназияның музыка пән мұғалімі; Токсамбаева Кумускан Асанбаевна, даму интеллектуалдық қабілеті төмен балаларға арналған №7 арнайы (түзету) мектеп интернатының  директоры; Сергазиева Ханымбуби Сергазиевна, Ж. Жабаев атындағы № 161 лицейінің физика пән мұғалімі;

Меделханова Акерке Мырзабековна, №91 бөбекжай-балабақша тәрбиешісі; Батырбаева Мадина Ашхатовна, қалалық білім берудегі жаңа технологиялар ғылыми-әдістемелік орталығы оқу жұмысы жөніндегі бөлімінің басшысы; Кансарбаев  Асланбек Корганбекович, Алматы мемлекеттік Туризм индустриясы және қонақжайлылық колледжі  директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары; Белоусова  Татьяна Геннадьевна,  №95 жалпы білім беретін мектебінің химия пән мұғалімі; Танакөзова Үміт Аутжанқызы, №177 жалпы білім беретін мектебінің тарих пән мұғалімі; Сапронова Асия Низамиевна, № 166 лицейінің физика пән мұғалімі; Яфарова Гульнара Халиловна,  № 185 бөбекжай-балабақша тәрбиешісі;

Жарикбаева Алия Кубигуловна, № 21 гимназияның ағылшын пән мұғалімі; Мухаметкеримова Рахия Мадибаевна, №1 мектеп-гимназияның математика пән мұғалімі; Ошанова Куралай Еренкаиповна, № 165 мамандандырылған лицей  директоры.

Осыған қоса, көпжылдық жемісті еңбек және қаланың білім беру жүйесінің дамуына қосқан үлесі үшін Алматы қаласының әкімі педагогика саласының ардагерлеріне естелік сыйлықтар табыстады.Марапатқа ие болғандардың арасында: Нурмуханбетов Искак Молдалимович, Алматы құрылыс-техникалық колледжінің директоры; Сакенова Рахима Булекбаевна, №12 Гимназия директоры; Тохтахунова Гульбаням Имтахуновна, №75 жалпы білім беретін мектеп директоры; Абдрахманова Любовь Николаевна, №65 бөбекжай-балабақша меңгерушісі; Смаилова Улданкыз Бектореевна, №151 бөбекжай-балабақша меңгерушісі; Сахарбекова Улданай Максимовна, №10 бөбекжай-балабақша меңгерушісі; Акишева Ботагоз Дарыбаевна, №174 бөбекжай-балабақша меңгерушісі; Алимбаева Шырын Абдрахмановна, №114 бөбекжай-балабақша меңгерушісі.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған