Мектепке жол

Демеушілер мен меценаттарды тарту мақсатында Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасымен бірлесе отырып, ұйымдар мен бизнес – құрылымдарға осы акцияға қатысу туралы үндеулер жолдануда.
Алматы қаласының ЖПҚ ДП-мен (жергілікті полиция қызметі департаменті) бірлескен балаларды еңбекке тарту және оқудан жалтару фактілерін анықтау бойынша адамдар көп жиналатын жерлерде рейдтік іс-шаралар, «Мейірімді қолдар» акциясы өткізілуде.
Азаматтардың өтініштеріне жедел әрекет ету үшін «сенім» телефондарының үздіксіз жұмыс істеуі ұйымдастырылды және барлық білім беру ұйымдарында акция туралы стендтер мен интернет ресурстары түрінде ақпараттық бұрыштар құрылды.
Көмекке мұқтаж 15 мыңнан астам оқушының тізімі жасалынып, сол бойынша көмек көрсетілетін болады.
Алдын-ала алынған деректер бойынша Акцияны өткізу барысында 20 күн ішінде 274 мұқтаж оқушыға жалпы сомасы 2 млн. 912 мың теңгеге материалдық көмек көрсетілді. Жеке кәсіпкерлер, ата-аналар мен мұғалімдер көрсеткен көмек кеңсе тауарларын, мектепке қажетті керек-жарақтарды, киім-кешек және мектеп формасын сатып алуға жұмсалынды.
Балаларға қолдау көрсету және оларды оқу жылының басталуына дайындау үшін «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясына ат салысуға барлықтарыңызды шақырамыз.
Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған